«Тур де Франс», 15-ші кезең

    • Filled in News in Kazakh 18 Июль 2011 в 1:02, author: Sake
    • Views: 2 481.

     Байрақты «Тур де Франс» велокөпкүндігінің 15-ші кезеңі аяқталды. «Астана» командасы әлі бірде-бір рет кезең жеңімпазы атана алмады. 15-ші кезеңдегі 192 шақырымдық қашықтықта тағы да жүлдеге іліне алмадық. Бұл жолы «HTC-Highroad» командасының өкілі Марк Кэвендиш топ жарды. Қазақстандық ұжым шабандоздарынан Томас Вайткус тәуір нәтиже көрсетті. Ол мәреге 15-ші болып жетті. «Europcar» тобының спортшысы Томас Феклер жалпы есепте әлі көш бастап келеді. Ал «Астаналықтардан» Андрей Зейц 37-ші орынға жайғасып өзге әріптестерінен жоғары тұр. 

    Жігер Әзберген

    7 канал

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание