«Тиррено – Адриатико» велокөпкүндігі

    • Filled in News in Kazakh 17 Март 2010 в 12:19, author: Sake
    • Views: 1 741.

    Photo: © Bettini

    Халықаралық Велосипед Одағы күнтізбесінен ойып тұрып орын алған «Тиррено – Адриатико» велокөпкүндігінің 6-ші кезеңі аяқталды.

    Италияның апталық бәйгесінде бұл жолы Ресей Катюшасының шабандозы Михаил Игнатьев топ жарды. Ол Монтекосаро мен Мачерате қалаларын қосатын 134 шақырымдық жолды 3 сағат 18 минут 9 секундта жүріп өтті. Бұл кезеңде Астана сапынан Максим Иглинский ғана үздіктермен үзеңгі қағыстырды. Ол екінші дәрежелі 4 көтерілімі бар межені жеңімпаздан 14 секундқа кешігіп бағындырып, 11-ші орыннан көрінді. Ал жалпы есепте Иглинский алғашқы төрттікті түйіндеп отыр. Әзірге көш басында Мичеле Скарпони. Максимнің Италияндық шабандозбен уақыт айырмашылығы 22 секундты құрайды. «Астана» жалпы командалық есепте 3-ші орында, сондай-ақ, спринтерлер арасында үздіктер үштігіне Асан Базаев ілігіп отыр. Енді соңғы шешуші 7-ші кезеңде велошабандоздар 164 шақырымға жарысады.

    Асылхан Өмірбекұлы

    ТРК Қазақстан

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание