Талдықорғанда велоспорттан жасөспірімдер арасында көпкүндік жарыс аяқталды.

    • Filled in News in Kazakh 28 Апрель 2010 в 1:00, author: Sake
    • Views: 2 894.

    6542 

    Қазақстан чемпионатының аясында өткен жарысқа 14 команда қатысты. Таулы жерден бастап, топтық және жекелей сындарда бәсекеге түскен шайтанарбашылар арасында Павлодар облысынан келген Роман Семенов топ жарды. Жалпы есепте алдына жан салмаған Роман Қазақстан чемпионы атанды. Қызылжарлық Алексей Луценко мен Шығыс Қазақстандық Тыныс Ақанов өзара үздік үштіктен көрінді. Командалық сында Шығыс Қазақстан облысы бірінші орын алды. Жалпы велоспорт біздің елде жақсы дамып келеді,-дейді мамандар. Әсіресе жасөспірімдер құрамасы жақсы нәтижелерге ие болып жүр. Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2 алтын, 8 күміс, 1 қола жүлдені ұтып алған болатын.

    Мақсат Аязбаев

    Мақсат Аязбаев, топтық жарыстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері:
    - Осы кумирларым – Альберто Контадор, Винокуров деген сиякты. Соларға қарап, солар сияқты үлкен әйгілі адам болсам, спортсмен болсам деп ойлаймын. Соларға қарап, тырысып, тренировка жасап жүрмін. Сол осы алдағы Қазақстанның үлкендер арасындағы құрамаға кіргім келіп дайындалып жүрмін.

    "Хабар" агенттігі

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание