Талдықорғанда VII республикалық көпкүндік веложарыс мәреге жетті

    • Filled in News in Kazakh 30 Сентябрь 2010 в 10:00, author: Sake
    • Views: 2 274.

    ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/

    Талдықорғанда VII республикалық көпкүндік веложарыс мәреге жетті. 1994-1995 жылдары туған бозбалалардың арасында өткен бұл жарыс танымал қазақстандық спортшы, еңбек сіңірген спорт шебері Андрей Кивилевті еске алуға арналды. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл додаға 15 құрама командадан 100 велошабандоз қатысты. Жас спортшылар 25 шақырымға жеке жарыста, 110 және 90 шақырымға топтық жарыста, өрге қарай 13 шақырымдық жеке жарыс пен 40 шақырымдық айналма жарыста күштерін сынады. Барлық бес кезеңнің қорытындысы бойынша жалпыкомадалық есепте бірінші орынды Алматы облысының құрамасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Андрей Кивилевке қойылған ескерткіш алдында өтті. Медальдарды, дипломдар мен бағалы сыйлықтарды Андрейдің ата-анасы - Михаил Григорьевич мен Нина Илларионовна табыс етті.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание