Супер көпкүндіктерде қай елдердің көші озық?

    • Filled in News in Kazakh 16 Июль 2009 в 2:30, author: Sake
    • Views: 2 556.

    Дәл қазір әйгілі «Тур де Франс» көпкүндігі өтуде. «Вуэльта» мен «Джиро д’Италия» да мәртебесі жоғары көпкүндіктер қатарына жатады. Осы үш көпкүндікте қай елдердің велошабандоздары топ жарғанын білуге бола ма? Ербол ӨМІРЗАҚ, Балқаш қаласы

    Болады, әрине. Бірақ біз өзіңіз сұрағандай, осы үш көпкүндікте қай елдің велошабандоздары жеңімпаз атанғандарына ғана тоқталып өтейік. Бірақ нақты қай велоспортшылардың бас бәйгені иемденгендерін тізбектемей-ақ қояйық. Өйткені бұл ұзаққа созылады. Мысалы, осы үш көпкүндікте Италияның 78 рет асығы алшысынан түсті. Алайда Қазақстаннан кімнің жеңіске жеткенін жазуға асықпыз. Өздеріңізге белгілі, 2006 жылы Александр Винокуров Испанияның «Вуэльта» көпкүндігінде жеңіске жетіп, мерейімізді тасытқан.
    Жалпы, мәртебесі бәрінен де жоғары «Тур де Франс», «Вуэльта» және «Джиро д’Италия» көпкүндіктерінің үшеуінде де велошабандоздары топ жарған елдер көп емес. Олар:
    1. Италия – 78 рет
    2. Франция – 52
    3. Испания – 42
    4. Бельгия – 31
    5. Швейцария – 10
    6. Ирландия – 3
    Ал мына алты мемлекеттің велошабандоздары осы үш көпкүндіктің екеуінде немесе біреуінде жеңімпаз атанды:
    1. АҚШ – 11 («Вуэльтада» ғана топ жарған жоқ)
    2. Люксембург – 6 («Вуэльтада» ғана топ жарған жоқ)
    3. Ресей (КСРО) – 5 («Тур де Франста» ғана топ жарған жоқ)
    4. Германия – 4 («Джиро д’Италияда» ғана топ жарған жоқ)
    5. Голландия – 4 («Джиро д’Италияда» ғана топ жарған жоқ)
    6. Дания – 1 («Тур де Франста» топ жарды)
    7. Қазақстан – 1 («Вуэльтада» топ жарды)
    8. Колумбия – 1 («Вуэльтада» топ жарды)
    9. Швеция – 1 («Джиро д’Италияда» топ жарды)

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание