Словениялық велошабандоз Яни Брайкович «Астана» сапына қосылды

    • Filled in News in Kazakh 3 Октябрь 2011 в 4:04, author: Sake
    • Views: 1 690.

    «Астана» велоклубының бас менеджері Джузеппе Мартинелли қазақстандық команданың сапына словениялық велошабандоз Яни Брайковичтің алынғанын мәлім етті.   Команданың ресми сайтында Яни Брайкович «Астана» командасымен екі жылға, 2012 және 2013 маусымдарға шарт жасасқандығын хабарлады.

     «Ол мықты велошабандоз және «Астана» командасында өте маңызды рөл  атқаратындығына сенемін. Олар Роман Кройцигер екеуі тамаша жұп құра отырып, Гранд-турларда команданың көшбасшылары болады. Сонымен қатар бұл спортшылар Александр Винокуровтың тәжірибесі мен сабағынан жақсы үлгі алады деп ойлаймын», - деді Бас менеджер.

     Яни Брайкович бұның алдында RadioShack клубының құрамында болды. 28 жасар словениялық велошабандоз кәсіпқой велоспортқа 2005 жылы өткен. Я. Брайкович 2005 жылы әлем чемпионатында уақыт бойынша жарыстан үздік шыққан. 2010 жылы Критериюм дю Дофинде бірінші орын алды.   

    Қазақпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание