Scheldeprijs и GP Cerami Париж-Рубэ алдындағы дайындық

    • Filled in News in Kazakh 4 Апрель 2012 в 1:14, author: Dina Iskakova
    • Views: 1 318.

    Солтүстіктегі  жорығымыз жалғасуда

    Фландрия турының  тас жолдарын бағындырған  жарыс көзді ашып жұмғанша өте шықты. Алда Бельгиядағы аламандар. Сәрсенбі  күні осымен 100 –ші рет Scheldeprijs біркүндігі, ертесіне GP Cerami велосайысы бастау алады.  Pro Team Astana құрамы осы екі жарыста бабы мен бағын сынап, жексенбі күні жалауын көтеретін Париж-Рубэге қатысу үшін Францияға аттанады. 


    Гуидо Бонтемпи команданың алдағы жоспарымен бөлісті: “Фландрия турында бізді басты фавориттер қатарына қоспағанымен барымызды салдық, аз тер төгілмеді. Максим Иглинский мен Дмитрий Муравьевтің жеңіске деген құлшынысы бәйге барысында байқалып ақ тұрды, олар  Kwaremont төбесіне дейін пелотонның басында болғанын да көрдіңіздер. Сәрсенбі мен бейсенбі күндері де осы қарқынымыздан таймақ емеспіз. Менің ойымша, Максим Иглинский бастаған шабандоздарымыздың  екі жарыста да азулы қарсылас атануға шамалары жетеді.”

    Гуидо Бонтемпи  Scheldeprijs пен  GP Cerami сындарына төмендегі құраммен аттанады: Максим Иглинский Асан Базаев Борут Бозич Дмитрий Груздев Якопо Гуарниери Валентин Иглинский Дмитрий Фофонов


     Pro Team Astana баспасөз- релизінен

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание