Қазақтың құрыштай қайсар қыраны

    • Filled in News in Kazakh 14 Август 2009 в 12:24, author: Sake
    • Views: 2 851.

    0726

    Бүгін Индонезияда велоспорттан ХХІХ Азия чемпионаты басталады. Бірінші болып жарыс жолына велотрекшілер шығады. Ал тас жолдардағы бәйгелер ертең басталады.

    Дәл қазір бұл чемпионатқа Қазақстан велоспортшылары мен осы спорт түрінің жанашыр жанкүйерлері ерекше көңіл аударуда. Себебі Индонезия жеріндегі аламан бәйгеге Қазақстан велоспортының жарық жұлдызы Александр Винокуров қатысады деп күтілуде. Ал Вини өз кезегінде Францияда өткен «Tour de l’Ain» көпкүндігінің велоспортшыларды жарыс жолына жеке-жеке жіберетін сынында бірінші орынға ие болып, қазақстандықтарды қуантты. ҚР Велоспорт федерациясының басшылары қуанғандарынан Виниді «Жеңіс тұғырына қайта оралуыңмен!» деп құттықтады. Бір көңіл аударарлығы, Винокуров «Tour de l’Ain» көпкүндігінің соңғы кезеңдік бәйгесіне қатысқан жоқ. Франциядан Индонезияға ұшып, Азия чемпионатына үлгеру үшін осылай істеуге тура келген сияқты. Оның үстіне, тынығып үлгеруі де керек қой.

    Ал енді Индонезиядағы Винокуров қатысатын жарыстарға тоқталар болсақ, ертең таңертең 154,8 шақырымдық топ бәйге болады. Бұл, негізінен, тау-қыраты жоққа тән жазық жерде өтеді. Велошабандоздар 25,6 шақырымдық тас жолды алты рет айналып шығулары керек. Ал жексенбі күні спортшыларды сөреден біртіндеп жіберетін жеке жарыс өтеді. Ұзақтығы – 41,8 шақырым. Мұнда велошабандоздар 20,9 шақырымдық тас жолды екі рет айналып өтетін болады.

    Дәл қазір ешкімнің де алдын ала болжам жасағысы келмейді. Біз өзі күні бұрын жол кесуден гөрі «бұйыртса» деп, тілімізді тістеп отыратын халықпыз ғой. Бірақ жүрек түкпірінде дүлдүлдерімізден жеңіс күтеміз, әрине. Винокуровтың «Үлкен спортқа Қазақстанға жеңіс сыйласам деп қайта оралдым, елімді қуантсам, арманым жоқ» деген сөздерін орындай алуына да тілектеспіз. Бұл жігіттің көп қиындық көргенін барша жұрт жақсы біледі. Шетелдіктерден допинг дауына байланысты қысым көріп жүрсе де, «қазақтың құрышы қанша майыстырсаң да, сынбайды» деген биік мәртебеге ие болды. Ендеше, жолың ашылып, бағың жансын, қазақтың құрыштай қайсар қыраны!

    Енді Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан велоспортшыларының құрамымен таныстыра кетсек:

    Велоспорт, ерлер
    Александр Винокуров
    Дмитрий Фофонов
    Андрей Мизуров
    Валентин Иглинский

    Жастар
    Максат Аязбаев
    Арман Кәмішев
    Қуаныш Күлібаев
    Сағындық Мырзаходжаев
    Алексей Лютченко
    Данил Фоминых

    Велотрек, ерлер
    Илья Чернышев
    Алексей Колесов
    Алексей Лялько
    Антон Диганов
    Николай Иванов

    Жастар
    Диас Өмірзақов
    Матвей Никитин
    Никита Панасенко
    Артем Захаров
    Альтаир Мақжом

    Әйелдер (тас жол және трек):
    Наталья Стефанская
    Марина Андейченко
    Татьяна Ульбрихт

    Әлихан Жаппар

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание