Қазақ жігіті Армстронгтан озып кетті

    • Filled in News in Kazakh 5 Март 2010 в 5:14, author: Sake
    • Views: 2 810.

     

    Бұл күндері Испания жерінде «Мурсия аймағының вуэльтасы» бескүндігі өтіп жатыр.

    Photo: © Bosco Martin

    Оған қазақстандық «Астана» велоклубының сапында Болат Райымбеков, Валентин Иглинский, Роман Киреев, Александр Дьяченко, Андрей Зейц, Хосеп Хуфре және Паоло Тиралонго сынды дүлділдер қатысуда.
    Сондай-ақ бұл турнирге өткен жылы «Астананың» сапында өнер көрсеткен Лэнс Армстронг та келіпті. Алғашқы кезеңде «Тур де Франс» велобәйгесінің бірнеше дүркін жеңімпазы мәре сызығын 46-ыншы болып қиды. Ал кезең жеңімпазы болып 166,5 шақырымдық тас жолды 4 сағат 15 минут 40 секундтың ішінде жүріп өткен «Гармин-Слипстрим» командасының оңтүстікафрикалық майталманы Роберт Хантер атанды. Өз жігіттерімізге келер болсақ, жерлестерімізден ең үздік көрсеткішті Болат Райымбеков көрсетті. Мәреге бас пелетонмен бірге жеткен Болат 11-орыннан көрінді. Одан бөлек Хосеп Хуфре 14-орынға орналасса, Паоло Тиралонго — 37-інші, Александр Дьяченко — 41-інші, Роман Киреев — 99-ыншы, Валентин Иглинский 100-орыннан табылды.

    Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание