Проскурин қызметінен кетті

    • Filled in News in Kazakh 17 Февраль 2010 в 7:28, author: Sake
    • Views: 2 446.

     

    Қазақстан велоспорт федерациясында бір өзгерістің болғаны рас. Нақтырақ айтсақ, вице-президент қызметін атқарған және «Астана» велоклубының менеджері әрі бейресми «адвокаты» болған Николай Проскурин өткен аптаның ортасында өз еркімен отставкаға кетті.

    Өзінің бұл шешімін Николай Абрамұлы былай деп түсіндірді:

    – Жаңа басшылықпен көзқарасымыз мүлдем кереғар болып шықты. Олар бизнесті, ақшаны көздейді. Ал мен спорттық жетістіктерді қалаймын. Олардың ойынша, «Астана» коммерциялық командаға айналып, табыстың кілті болуы керек сияқты. Жоқ, «Астана» – мемлекетіміздің абыройын асқақтататын команда. Жалпы, Қазақстан спортында ешқандай алға жылжушылықты көріп тұрған жоқпын. Сол сияқты «Астананың» да болашағы бұлыңғыр тартып барады. Меніңше, спорттың қай түрін болсын, сол спортты жетік білетін мамандар басқаруы керек. Ал бізде барлығы керісінше.
    Осылай деп, Қазақстан велоспорт федерациясының жаңа басшылығына наразылығын білдірген Николай Абрамұлы бұл қызметтен кететіндігін жариялады. Өкінішті-ақ, талай жылдан бері Қазақстан велоспортының ыстығына күйіп, суығына тоңып келген білікті маманымыз жұмыссыз қалды.

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание