Петропавлда Александр Винокуровты қолдау мақсатында веломарш өтті

    • Filled in News in Kazakh 29 Июль 2011 в 10:17, author: Sake
    • Views: 2 719.
    Александр-Винокуров
    Петропавлда белгілі қазақстандық велошабандоз, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, халықаралық санаттағы спорт шебері Александр Винокуровты қолдау мақсатында веломарш болып өтті.

    Солтүстікқазақстандықтар өз жерлестерін мақтан тұтады.

    Спортшының жақында «Тур де Франс» әлемдік ірі веложарысында қатты жарақат алғаны, оның үлкен спорттағы мансабын тоқтатандығы туралы хабар көпшіліктің көңіліне қаяу түсіріп, спорт сүйер қауым мен велошабандоздар Александр Винокуровты қолдау мақсатында веломарш ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған.

     Веломарш Петропавлдың Орталық алаңындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің ескерткіші жанынан басталып, облыс орталығының үлкен көшелерімен өтті. Іс-шараға 150-ден астам кәсіпқой спортшылар мен спорт әуесқойлары қатысты.

    Веломарш спортшының туған жері Қызылжар ауданының орталығы Бешкөлде мәресіне жетті.

    Сергей Кузнецов

    ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание