«Париж — Ниццаның» үшінші кезеңі

    • Filled in News in Kazakh 12 Март 2010 в 5:31, author: Sake
    • Views: 2 868.

    Photo: © AFP

    «Лигуигас» велокомандасының шабандозы Петер Шаган «Париж Ниццаның» үшінші кезеңінде көшбасынан көрінді. Словакия спортшысы ауа райының қолайсыздығына қатысты 53 шақырымға қысқартылған межені 3 сағат 44 минут 28 секундта бағындырды.

    Мәреге 5 шақырым қалғанда 6 спортшы негізгі пелотоннан бөлініп, алға суырылып шықты. Олардың ортасында «Астана» капитаны Альберто Контадор да болды. Мәреге таяған сайын алғашқы алтылық велосипедтерінің педальдары шыр айналып, дөңгелектері одан әрі жүйітки түсті. Контадор да қарсыластарынан қалыспай, жылдамдығын үнемі үдетіп отырды. Нәтижесінде ол мәреге 6-шы болып жетіп, жалпы есепте 7-ші орынға көтерілді. Ал үздіктер төрттігін түйіндеген «Саксо Банк» спортшысы Дженс Войнт үшінші кезеңнен соң көшбасшы сары жейдесін киіп, Контадордан 20 секундқа озды. Енді «Париж-Ниццаның» 4-ші кезеңінде 22 команданың велошабандоздары Маурс және Менде қалаларының арасын қосатын 208 шақырымдық жолда жарысады. Жарыс жолының ең биік көтерілімі теңіз деңгейінен 894 метрге жоғары.

    Асылхан Өмірбекұлы

    ТРК Қазақстан

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание