Мизуров – алғашқы үштікте

    • Filled in News in Kazakh 2 Декабрь 2009 в 9:10, author: Sake
    • Views: 1 983.

     

    Бұл күндері велоспорттан «Индонезия туры» көпкүндігі өтіп жатыр. Оған қатысып жатқан қазақстандық велошабандоз Андрей Мизуров әзірге қорытынды есепте алғашқы үштікте келеді.

    Иранның «Тебриз» мұнай-химия командасының сапында өнер көрсететін Мизуров 8-кезеңде мәре сызығын 21-інші болып қиды. Бірақ соған қарамастан, қорытынды есепте үшінші орында келе жатқан жерлесіміз көпкүндік көшбасшысы әрі командаласы Мехди Сохрабиден 5 минут 20 секундқа қалып келеді. Сондай-ақ екінші орын да осы команданың өкілі Каддер Мижабиге тиесілі.

    Айта кетейік, осы турнирде тағы бір жерлесіміз өнер көрсетуде. «Полигон Свит Найс» командасының намысын қорғайтын Артем Головашенко әзірше 60-орынды иемденіп тұр.

    Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание