Мен велоспорт саясатына қатысамын – А.Винокуров

    • Filled in News in Kazakh 22 Сентябрь 2011 в 11:51, author: Sake
    • Views: 2 508.

    Кеше, Қазақстанның әйгілі велошабандозы Александр Винокуров Астанадағы бұқаралық ақпарат құралдарын жинап, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

    «Астана» командасына қатысты соңғы ақпараттар аясында әңгіме қозғаған ол журналистердің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. 

    - Қазақстанның велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетовпен болған кездесуде Сізді «Астана» командасының басшылығына тағайындау туралы шешім шығарылған екен. Одан басқа қандай мәселелер қаралды?  

    - Қайрат Негматұлы федерация басшылығына келген бойда мені «Астана» командасының басшылығына қою мәселесін көтерген болатын. Айтқандай, ол өз сөзінде тұрды. Онымен болған кездесуде бұл басты мәселе ретінде қаралды. Әрине, мен өз қызметімді жалғастыратыныма қуаныштымын. Себебі, өзімнің спорттық жолымды соңғы «Тур де Франс» жарысында алған жарақатпен аяқтағым келмейді. Қазақстанның велоспорт федерациясының президентімен болған кездесуде менің қызметімді жалғастыру туралы шешім қабылданды.  Енді, біз команданың алдағы мақсат-міндеттерін ойластыратын боламыз. Әрине, әзірше мен «Тур де Франс» сияқты белестерді алам деп мақсат қоя алмаймын. Ең бірінші, келесі кезеңге дайындалу қажет деп ойлаймын. Одан кейін мен біздің командалық менеджер Джузеппе Мартинелимен бірге команда саясатына араласамын. Қазіргі кезде Халықаарлық велоспорт федерациясы «Астана» командасының ұпайларын санап жатыр. Біз команданы үздіктердің алғашқы 15-тігінде сақтап қалуымыз қажет. Сонда ғана келесі кезеңде бізді басқа да жоғары жарыстарға шақыратын болады. 

    -  Сіз «Тур де Франста» алған жарақатқа қарамастан Италияның «Ломбардия турына» қатысады екенсіз... 

    - «Тур де Франста» алған жарақытымнан кейін «Ломбардия турына» қатыспау туралы мәселе көтерілген еді. Бұл мәселе әлі де өз күшін жойған жоқ. Жарыстың басталуына бір апта қалған кезде мен, ең бірінші, өз дайындығымды байқап көремін. Әрине, ол жарыста жеңіс туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ. Біз оны жақсы түсінеміз. Келесі жыл олимпиадалық жыл болғандықтан, бізге, ең бастысы, бүгінгі дайындықты жоғалтпау қажет. Қазіргі кезде командада 4 лицензия бар. Алдағы «Пекин туры» мен «Ломбардияда» біздің жігіттер тағы ұпай жинай алады деген сенім бар. 

    - Сіз дайындықты бастадыңыз ба? 

    - Иә, мен тамыздың аяқ шенінен бастап тренажерда өз дайындығымды бастадым. Жарақаттан кейін велосипедке отыру қиындау. Бірақ соңғы бір апта бойы мен велосипедке отырып, жаттығатын болдым. Әрине, бұрыңғы дайындық деңгейіне жету әлі ерте. 

    - «Толық дайын болдым» деп қашан айта аласыз?  

    - Енді, әлі уақыт бар. Сондықтан «Ломбардияға» дейін барынша дайындалып көремін. Ал негізгі жарыстар өтетін қаңтар-ақпан айларына дайын болып, қандай да бір жарыста топ жаруға тырысамын. Бағдарлама бойынша Австралия мен Малайзияда өтетін жарыстар бар. 

    - Ал «Астана» командасын басқаруға қаншалықты дайынмын деп ойлайсыз?    

    - Мен, ең алдымен, Джузеппе Мартинеледің тәжірибесіне сүйенемін. Өз басым ол кісі мені қолдайды деп сенемін. Әрине, келесі жылы қиын болады. Сондықтан бүгінде қандай да бір жеңістер туралы ештеңе айта алмаймын. Бәлкім, 2013 жылы Контадор «Астана» командасына оралады. Оның қайта келуге ниеті бар. «Тур де Франстан» кейін мен онымен кездескен болатынмын. Сол кезде ол «Астанаға» оралуға қарсы емес екендігін білдірді. 2012 жылда қиын болады, бірақ 2013 жылы біз жетекші веллошабандоздарды тартуға тырысамыз. 

    - Келесі кезеңде Сіздің жолдасыңыз Андрей Кашечкин жарыс жолына шыға ма? 

    - Енді, мен үшін оны «жолдас» деп айту қиын. Бірақ бүгінде ол команданың құрамында болғаннан кейін, онымен тіл табысуға тырысамыз. Ең алдымен, Андрей кішкене «жерге түсіп», барлығымен бірдей дайындалуы тиіс. Сондықтан егер ол осы талапқа көнетін болса, онда барлық команданың оған деген көзқарасы өзгереді деп білемін. Бұған дейін ол жоғары жетістіктерге жетпесе, біраз табыстарға қол жеткізді. Оның дарыны бар. «Мен бәрін жеңемін!» деп айғалағаннан гөрі ол үнемі жұмыс істеуі керек. Жалпы, команданың құрамы өзгермейді. Қазіргі кезде біз 23 жасқа дейінгі қосымша велошабандоздарды тарту мәселесін қарастырудамыз.  

    - «Астана-2» командасы қашан құрылады? 

    - Меніңше, «Астана-2» командасы келесі жылы құрылады. Қазақстанның жас велоспортшылары осы қоманданың құрамында жаттығуы тиіс. Себебі, бірден «Астананың» негізгі құрамында өнер көрсету қиын. Сондықтан жас спортшылар, ең бірінші, «Астана-2»-де дайындалып, кәсіби тәжірибе жинақтағаннан кейін біздің қатарымызға қосылуы шарт. «Астана-2» ол - маңызды әрі қажетті жоба. Біз демеушелірмен кездесіп, осыны барынша түсіндіруге тырысамыз. Бюджет жағынан бәрі дұрыс болса, біз екінші команданы міндетті түрде жасақтайтын боламыз. 

    - Қазақстанда екінші Винокуров жоқ па? Неге біз оны таппаймыз?

     - Біз оны іздейтін боламыз.

    Арман Асқаров

    Қазақпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 4 комментария

  • Quote

    Ал жол болсын!

  • Quote

    Винокуровқа 2012 жылғы маусымға команда жасақтауға мүмкүндік берген жоқ.Сондықтан да оның келесі жылдан ауыз толтырып айтатындай жеңіс күтпейтіні түсінікті. Себебі команда басшылығына араласу құқығына ие болған Александрд да басқа спорт директорларымен қоса Астана көрсеткіштеріне жауапты. Бастысы осы жайтты Самурық-Қазына мен федерацияның түсінгендігінде. Бірақ орыс тіліндегі ақпараттарда Шабандоз бен әкімшілік қызметін қатар алып жүру заңға қайшы дегенді оқып қалдым… Бұл жағы қалай болар екен?…

  • Quote

    Винокуровқа 2012 жылғы маусымға команда жасақтауға мүмкүндік берген жоқ.P>

    Бұл анық. Бірақ Астана тек команда жасақтаудан ғана емес, көптеген мәселелерде, мысалы, заңдылықтарды сақтау, халықаралық ұйым жарғысын жете білу, әр түрлі жарыстарға стратегия мен тактика жағынан да ақсар тұр ғой. Виноның келуі ең болмаса соңғы кемшілікке оң әсер етер деген үміт бар.
    Бірақ қазаншы көп болса ет шала піседі деген болып жүрмесе…

  • Quote

    Ақсап турған мәселе аз емес, Винокуровтың жағдайы етті тістеген иттің соңынан жүгіріп, сорпасынан айырылғаның жағдайы болмаса болғаны. Үлкен іске бел буды. Сәттілік. Бастысы Францияда тұрып жатқан Александрдың қазақ елінің топырағынан нәр алғанын ұмытпаса игі…

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание