Мартинелли: Көріп – білген веложарыстардың ішіндегі ең қиыны осы болды.

    • Filled in News in Kazakh 22 Март 2012 в 11:16, author: Dina Iskakova
    • Views: 1 744.

    Астананың жаңа маусымдағы алғашқы жеңісі!

    Каталония Турының үшінші кезеңінде Яни Брайкович Михала Голас (OPQ) пен Микаеля Шереланы (ALM) артқа тастап, мәре сызығын бірінші болып кесті.  Жарыс жолы ауа райының қолайсыздығынан  біршама өзгеріске ұшырап, 55 шақырымға қысқартылған болатын.

    Джузеппе  Мартинелли: “Бәйге барысындағы  қиындықтарға төтеп беріп, шабандоздар өздерінің нағыз батыр екендігін дәлелдеді.  Жарыс жолы жаңбырмен басталып, арагідік  қарға ұласып жатты.  Бүгінгі жарыс менің жадымда  қалған жарыстардың ішіндегі ең ауыры болды ғой деймін.  Мен өзімнің қуанышымды барлық спорттық басшылармен, барлық шабандоздармен, команданың әр бір қызметкерімен бөліскім келеді.  Бұл Яни Брайковичтің жеңісі, бірақ бұл жеңіс барлық команданың да  жетістігі. Биылғы маусымда 5 мәрте  тұғырға көтерілдік, енді міне жеңіс тойына куә болып отырмыз.  Бүгінгі жеңісіміз  маусым барысында командалық рухымызды көтеріп,  бір мақсатқа жұмыла кірісуге әсер етеді дегенді сеніммен айта аламын”

    "Pro Team Astana"  баспасөз - релизінен 

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание