Максимнің максимум көрсеткіші осы ма?

    • Filled in News in Kazakh 16 Сентябрь 2009 в 1:39, author: Sake
    • Views: 2 570.

    Пиреней түбегінде өтіп жатқан әйгілі «Вуэльта» велокөпкүндігінің 15-кезеңінде жерлесіміз Максим Иглинский 5-орыннан көрінді. Айта кетейік, биылғы «Вуэльтада» бас шабандозымыз Александр Винокуровтан басқа бірде-бір «астаналық» спортшы алғашқы бестікке енбеген болатын.

    Соңғы кездері «Вуэльта» велокөпкүндігіне қатысып жүрген қазақстандық саңлақтардың атына аз сын айтылып жүрген жоқ. Мәселен, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскуриннің өзі, «Винокуров екі жыл үлкен спорттан тыс жүрсе де, басқа жерлестерімізге қарағанда тың», – деп көпкүндікке қатысып жатқан Иглинский және Базаевтың көрсеткіштеріне риза еместігін астарлап жеткізген. Соны ұғынған Максим 168 шақырымға созылған 15-кезеңде заулап отырып, мәре сызығын 5-болып қиды. Ал Асанның көрсеткіші – 142-орын.

    Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание