«Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында Контадор мен Винокуров бастайды

    • Filled in News in Kazakh 25 Апрель 2010 в 1:13, author: Sake
    • Views: 2 580.

     

    Жексенбіде жалауын көтеретін «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында «Астана» велотобын капитан Альберто Контадор мен Александр Винокуров бастайды. Мамандардың пайымдауынша екі велошабандоздың жарыс жолына бірге шығуы командаға жігер береді. Винокуров осыдан 5 жыл бұрын аталған сайыста топ жарған еді. 36 жастағы қазақстандық қазір «Джиро дель Трентино» додасында да сәтті өнер көрсетуде. Ол 3 кезеңнен кейін командалық есепте көшбастап келеді. Ал алдағы бельгия бәсекесінде Александр команда сапында Хосеп Джуфрені алмастыратын болды. Сондай-ақ, команда қатарында – Максим Иглинский, Дмитрий Фофонов, Андрей Гривко, Оскар Перейро, Бенджамин Новаль және Горазд Станжели жарысады.

    Асылхан Өмірбекұлы

    "Қазақстан" РТРК

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 4 комментария

  • Quote

    Sake,sayttarda kazakh tilin damytuga degen umtylysyna razymyn (baska da sayttardagy enbeginin zhemisin kordim). Birak moyndau kerek, okinishke oray kazakh tilindegi malimetterdi koldanushylar (taratushylar da) az bolyp tur.

  • Quote
    Серік.И Kazakhstan on 25 Апрель 2010, 21:39:

    Сүйінші!!! Александр Винокуров Льеж-Бастонь-Льеж веложарысында жеңіске жетті.Александрды және АСТАНАның барлық жанкүйерлерін осы жеңіспен құттықтаймын.Жеңісті күндер жалғаса берсін!ВИНО-АЛҒА!!!

  • Quote

    Жарайсың Вино! менде сол жеңісті тамашалағам! шынымен бақыттымыз!

  • Quote

    салем! рахмет айтқаныңыз келсін!

    мен оған қамықпаймын адам аз болғанына..әр адам мойнына түскен міндетін орындаса сіз болып біз болып сол тідіміздің мәртебесін әліде жанжандыра аламыз!тек қазақша бөлімін жандандыруға бәріміз болып асалысайық!

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание