Кройцигер мен Тиралонго Джироның соңғы аптасына сақадай сай

    • Filled in News in Kazakh 22 Май 2012 в 10:05, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 611.

    Өткенге баға беріп, бүгінді саралауға кеткен демалыс күні

    Giro d’Italia-ның  қызығы мен қиындығы қатар өрілген он екі кезеңі артта қалып, велошабандоздар көптен күткен демалыс күніне де жетті.  Бұл ең алдымен, жарыстың өту барысына баға беріп,  алдағы Лимоне суль Гарда кезеңі мен Миландағы мәреге дейінгі жолды алаңсыз  жоспарлауға берілген  мүмкіндік.

    «Астана»  капитаны Роман Кройцигер: “Команданың көрсеткен нәтижесі айтарлықтай жаман емес. Қоржынымызда Тиралонгоның кезеңдік жарыстағы жеңісі бар, екеумізде жалпы есептің жоғарғы сатысындамыз.  Ал көшбасшыға келер болсақ,  онымен арадағы уақыт алшақтығы аз ғана, әзірге қызыл-  күлгін жидені Родригес пен Хесьедаль алма кезек иықтарына жауып жатыр.

    Алда жауапты апта, ешкімге оңай болмасы анық, бірақ біздің команда бірлігі жарасқан ұжым. Бізді Милан төріндегі мәреге алып келуге себепкер болатын  таулы жолдар қиындығына дайынбыз. Жақсы нәтиже көрсете аламыз деп ойламыз.  Әрине жолда кездесер қырсықтарды  ойдан шығармау тиіс. Біздің өнерімізге әсер ететін басты фактор ауа райының қолайсыздығы,   салқын әрі жаңбыр жауып тұрған кезде қиындық екі еселене түседі, жалғыз маған ғана емес, барлық шабандоздар осы күйді бастан кешеді.  Алдағы жарыс жолдарының сипаттамаларына қарап, мынау маған ыңғайлы деп айта алмаймын. Егер сен өз бабыңда болсаң, кез келген тауға көтерілулер оңай болуы ықтимал, сондықтан әр күн сайын өзімнің бабыма бақылау жасаймын, аяқтың шамасын да байқау қажет. Егер барлығы ойдағыдай болып жатса, барымды салып, аянып қалмасым анық».  

    Паоло Тиралонгода Джиро барысына бағасын берді: «Әзірге жаман емес,  кезеңдік жарыста жеңіске жеттім.  Бұл менің биылғы жарыста өзімнің жеке жоспарымның орындалуы деп біліңіздер. Бұдан бөлек, жоспардан тыс  жалпы есепте төртінші сатыдан орын таптым. Мен бар күшімді Романды қолдауға, оған көмектесуге жұмсап жатырмын. Алдағы уақытта да солай болмақ. Команда менеджерлерінің жоспарына сай  Романды Милан төріне әкелуге 100% күшімді саламын.

    Менің сицилиялық екенімді ескеріңіздер, мен де суық ауа –райын жақсы көрмеймін.  Алдағы тауларға келер болсақ, Кортина көңіліме қонымды,  Пассо Джауға көтерілу тартысты болатын шығар, бірақ Джироның тағдырын шешетін көтерілу Альпе ди Пампеагодағы бәйге болады деп есептеймін».

     Демалыс күнінен кейін Giro d’Italia   Лимоне суль Гарда  мен Пфальцен арасында өтіп, жалпы қашықтық  173 км құрайды.  Мәреге екі шақырым қалғанда белгіленген көтерілуге қарап,  кезең аяғы тартысты болады деуге негіз бар.

    ''Pro Team Astana'' баспасөз- релизінен

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Quote
    #1 by Zhake Kazakhstan on 22 Май 2012, 20:28:

    Біздің жерлестер (Зейц пен Дьяченко) алдағы этаптардың бірінде жеңіске таласып қараса біз бір жасап қалар едік. Жастарымыздың әр түрлі турнирлерде жарқылдағанын ересек жолдастары қолдаса!!!

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание