Кройцигер ешкімге дес бермейді

    • Filled in News in Kazakh 16 Май 2012 в 10:02, author: Dina Iskakova
    • Views: 1 801.

     «Pro Team Astana» капитаны  қызыл-күлгін жидеден үміттілерден қалысар емес.

     Джироның бүгінгі  10-шы кезеңінің нәтижесі жанкүйер көңілінен шықты.  Ассизидегі соңғы көтерілуде ешкімді де бей-жай қалдырмаған нағыз тартыс пен талас орын алды. Паоло Тиралонго мен Роман Кройцигер мәре сызығын кескен алғашқылар қатарында. Екеуі де жалпы есептегі орындарын сақтап қалды. Көшбасшыдан бір минут шамасында артта келе жатқан олар, әзірге  үшінші және төртінші сатыларда.

    Команда Спорттық директоры Александр Шефер: Кезең көпшілік күткен  бағытта өрбіді және  Джироның алғашқы күндерінен біз бұл кезең  Родригеске  қолайлы деп шамалағанбыз. Айтқандай ақ, ол сенімді ақтап, алдына жан салмады.  Кезең барысында айтарлықтай  оқиғалар орын ала қойған жоқ. Соңғы шақырымдарда «Катюшаның» ат салысуымен   пелотоннан ұзап кеткен топты қуып жеттік.  Паоло мен Роман мәреде басты үміткерлер арасынан көрінді. Әрине, қиылысы бар соңғы көтерілуде жалпы есептегі көрсеткішімізге  өзгеріс енгізу мүмкін еместігін жақсы түсіндік. Қазір барлық шабандоздар, жалпы есепке өзгертулер енгізуі тиіс, Чирвиниде мәреге жететін сенбілік кезеңге дайындық үстінде».  

     «Pro Team Astana» баспасөз -релизінен

     

     

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание