Кройцигер «Астана» велокомандасымен 2 жылға келімшарт жасасты

    • Filled in News in Kazakh 17 Август 2010 в 6:29, author: Sake
    • Views: 2 959.

    Кәсіпқой спорттық ғұмырын Италияның Liquigas командасынан бастап, бес  маусым бойы тер төккен чех шайтанарбашысы Роман Кройцигер Александр Винакуров бастаған «Астана» командасының сапына келіп қосылды.

    images

    24 жастығы Кройцигерді ресми таныстыру рәсімінде команда капитаны Саша, бұл келісім дұрыс болғандығын атап айтты. Роман осал еместігі баршаға мәлім. Жақын арада шабандоздар тізімі белгілі болады. Біз мұндай сайдың тасындай сақа жігіттермен «Астананы» өрге сүйрейтінімізге бек сенімдімін деп ағынан жарылды.

    Тур Романди-2008 додасында екінші орын алып, ай өтісімен Швейцария турының жеңімпазы атанған Кройцигер, сол жылы атағы жер жарып тұрған беделді велодода – Тур де Франста 12 орыннан көріне білді. Бұл көрсеткіштер чех шабандозының абыройын айтарлықтай асырды. Келесі жылы-ақ Тур Романдидің жеңімпазы атанған Роман, биыл да Джири Сардинии жарысында да жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Енді, еліміздің бетке ұстар велокамандасы «Астананың» сапында жасындай жарқылдайды деп сенім артамыз.

    Нұржан Туғанбай

    Аламан ақпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 4 комментария

  • Quote

    Контаның орын ьасу қолынан келеме екен?

  • Quote

    Әрине, командалық қолдау корсетілсе, оның алатын асуы әлі алда. Ол жас және талантты спортшы емес пе… )))

  • Quote

    «Алибекке» әзір жете коймас, бірақ мен Ромаға сенем. АСТАНАда ең болмаса бір ГТ үтып жұлдызы жанады.
    Егер Меньшов келетін болса онда Ромамен «Джироны» ұтуға үміт бар, келмесе ТДФ-та Вино мен Ромаға үміт артуға болатын сияқты,тек ол мықты грегорилар керек.

  • Quote

    қаны жас болғасын Әлібектің орнын басатыны менде сенемін!

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание