“Критериум Интернэшнл” велододасы

    • Filled in News in Kazakh 25 Март 2010 в 6:05, author: Sake
    • Views: 2 081.

     

    Алдағы сенбі күні Францияда екікүндік “Критериум Интернэшнл” велододасы жалауын көтереді. Дәстүрлі жарысқа отандық велоклуб “Астананың” дүлдүлдері де қатысады.

    Бұл жарыс сонау 1932-жылдан бері өткізіліп келеді. Ұзақ жылдар бойы Францияның ұлттық чемпионаты ретінде танымал болып келген “Критериум” велотуры 1979 жылдан бері халықаралық велододаға айналды. Биылғы жарыстың көрігін қыздыратын мықтылардың арасында “Астананың” велошабандоздары да бар. Екікүндік велотурға отандық клубты “Тур де Франстың” қос дүркін чемпионы, жақында ғана “Париж-Ницца”велододасында топ жарған испандық майталман Альберто Контадор бастап барады. Франциядағы кезекті додаға “Астананың” лидері өзімен бірге жеті жолсерік ертіп шықпақ. Олардың қатарында жерлестеріміз Дмитрий Фофонов, Максим Гуров, Болат Райымбеков, Александр Винокуров, Роман Кирееев, және испандық велошабандоздар Даниэль Наварро мен Бенджамин Новаль бар. Жаңа маусымды сәтті өткізіп келе жатқан “Астанадан” бұл жолы да жүлде күтеміз.

    Төлеген Жұмабек

    КТК

    Төменде дода картасы көрсетілген

    http://www.letour.fr сайтынан

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 3 комментария

  • Quote

    O! velododa?! menn izdep, taba almai jurgen sozim osy edi, kalai gana oima kelmegen? :mrgreen:
    rahmet, koldanuga tyrysarmyn…

  • Quote
    Серік.И Kazakhstan on 27 Март 2010, 01:38:

    Астананың быйлғы келбеті былтырғыға қарағанда мүлде басқаша.Барлық додаларға қазақстандық велошабандоздар көптеп қатысуда.Алғашқы жетістігізде бар.брюнелдің кеткені жақсы болды.Осы додада жерлестерімізден жеңіс күтеміз!!!

  • Quote

    Астанаға сәттілік тілейік!

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание