«Критериум ду Дофине Либере» велокөпкүндігінің 5-ші кезеңі

    • Filled in News in Kazakh 12 Июнь 2010 в 11:27, author: Sake
    • Views: 2 781.

    Франциядағы «Критериум ду Дофине Либере» велокөпкүндігінің 5-ші кезеңін «Астана» командасының велошбандозы Даниэль Наварро жеңіп алды. Испан легионері таулы аймақтағы 143 шақырымдық жолды 3 сағат 26 минут 16 секундта бағындырып, ең жақын қуғыншы Эрос Капеччиден 34 секундқа озды. Ал команда капитаны Альберто Контадор мәреге сары жейде иесі Янез Брайковичпен бірге келді. Сол себепті жалпы есептегі 3-ші сатысын сақтап қалды. Ол мәреге жетісімен журналистерге «Тур де Франс» алдында қайратының таусылуын қаламайтынын мәлімдеді.

    РТРК Қазақстан

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание