«ҚОШ» ДЕЙДІ ВИНИ…

    • Filled in News in Kazakh 19 Июль 2011 в 1:10, author: Sake
    • Views: 2 606.

    Александр Винокуров үлкен спортпен қоштасты. Ресми түрде бүгін спорттық ғұмырына нүкте қойған Виниді нағыз халық батыры дегенге лайық. «Тур де Франстағы» оқиғаны қайта қаузаудың реті жоқ. Бірақ осы құлау Винидің жолына кедергі болды. Бүгін Саша госпитальдан шықты. Шыға сала Францияның телеарналарына сұхбат беріпті. «Спорттан кетем» деп қысқа ғана қайырыпты Саша. Біз сәттілік тілеуден басқа амалымыз қалмады.

    РУСЛАН МЕДЕЛБЕК «АЛАМАН»

    Енді Қазақстан құрамасына Сашадай саңлақтың қашан пайда болатынын бір Жаратушыға аян. Винокуров спорттан кетсем де ізбасар дайындауға кіріспек. Енді ол «Астананың» бас тізгіншісі, менеджері. Енді «Астананың» алдағы сындардығы жетістігі осы Винидің тактикасына байланысты болмақ. Тағы да, іске сәт дейміз жас менеджерге.

    1998 жылы «Casino» командасында ершікке отырған ер арағы екі жыл салып экстра класс деңгейіне көтерілді. Талай әлемдік гранд командалардың арманына айналған қазақтың маңдайына біткен сары баласы Сиднейде күміс сыйлады елге. Сашаның өмірінде қара мен ақ қатар жүрді. Жарақат оған сөз емес еді. Бірақ әділетсіздік оның қанына жат. «Тур де Франста» қола алған соң, «Париж Ниццаны» өзіне меншіктеп алды. «Вуэлтадағы» жарқын жолында еске алыңыз. Кейін арманым «Тур де Франста» топ жару деген мықтының жолына тұсау салғандар көбейді. Допинг қолданды деген жала тағылды. Шырылдаса да шыбық сындыра алмаған Вини екі жыл да талай сары жейде киер еді. Бірақ… допинг дауына ілікті. Десе де өмірінде талай сында топ жарған қазақтың өз ұлына айналған Сашаның сара жеңісті жадыңызда жүрсін…

    1999 ж – Критериуме Дофине жеңіс;

    2000 ж – Сидней ойындарынан күміс;

    2001 ж – Германия турында жеңіс;

    2002 ж– Париж-Ниццада жеңіс;

    2003 ж– : 1. Париж-Ницца; 2. Швейцария туры; 3. Амстел Голд Рейс біркүндігіндегі жеңістер. Тур де Франста қола жүлде;

    2004 ж– ӘЧ қола жүлде;

    2005 ж– Льеж – Бастонь – Льеж юіркүндігінде жеңіс;  

    2006 ж– Вуэлтада топ жарып, ӘЧ қола алды.

    2010 ж– Льеж – Бастонь – Льеж;

    2011 ж – Романдия туры мен Критериуме Дофине үшінші орын алды.

    Винокуров велик тепкен командалар: 1. 1998-1999 «Casino»; 2. 2000-2003 «Team Telekom»; 3. 2004-2005 «T-Mobile»; 4. 2006-2011 «Astana»

    Аламан - Ұлттық спорт порталы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Quote

    Александрға алдағы өміріне сәттілік тілейміз.
    Кеше «Евроспорттың» Курдюковына берген сұхбатында, Вино алдымызда Астанада оның шабантоздық карьерасымен қоштасу рәсімі болатынын, оған атақты спортшылар келетінін айтыпты. Осы шараның қашан болатыны туралы дерек бар ма?

  • Quote

    Жаке салем! Хабар бола салысымен жариялайтын боламыз!

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание