Контадорға 8 миллион евро ұсынған ба?

    • Filled in News in Kazakh 11 Ноябрь 2009 в 10:24, author: Sake
    • Views: 2 711.

    Соңғы кездері ғаламтор желілерінде «Альберто Контадорды өз сапында қалдыру үшін қазақстандық «Астана» велоклубы испандық майталманға жылына 8 миллион евро ұсыныпты» деген ақпарат тарап кетті. Соңғы кездері қазақстандық велоспорт жанкүйерлерін дүрліктірген бұл ақпараттың қаншалықты растығын анықтауға тырысқан едік.

    Бұл ақпараттан бөлек, шетелдік баспасөз құралдарында «Альберто Контадор «Астанаға» өз шартын қойыпты. Онда Александр Винокуров 2010 жылғы «Тур де Франс» бәйгесіне қатыспау керектігі туралы да айтылған» деген жаңалықтар да кеңінен тарады. Алайда Қазақстан велоспорт федерациясының жаңа басшысы Николай Проскурин мұның барлығын жоққа шығарды.

    – Команданың бір спортшысымен жылына 8 миллион евроға келісімшартқа отыратындай Қазақстан велоспорт федерациясының «крышасы» кеткен жоқ қой. Бұл ақпаратты еріккен бір журналист тарата салған. Өкінішке қарай, жұрттың барлығы соған сеніп отыр. Сонымен қатар Контадор Винокуровтың «Тур де Франс» көпкүндігіне қатысуына да қарсы емес, – деді ашына сөйлеген Николай Абрамұлы.

    Демек, бұл ақпараттың барлығын іріткі туғызушылардың шығарғандары деп қабылдаған жөн шығар.

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание