Контадордың осы маусымдағы алғашқы жарысы

    • Filled in News in Kazakh 17 Февраль 2010 в 12:42, author: Sake
    • Views: 3 892.

    ҚазАқпарат

    Ақпанның 17-сі мен 21-і аралығында Португалияда велоспорттан  «Volta ao Algarve» турнирі өтеді.

    Осы турнирге «Тур де Фран-2009» көпкүндігінің жеңімпазы испаниялық Альберто Контадор бастаған «Астана» велоклубының өкілдері де қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Volta ao Algarve» турнирі бірнеше таулы кезеңдерден тұрады. Ал, жарыс 17 шақырымға уақытқа жарысудан аяқталады. Бұл жарыста «Астана» командасынан Альберто Контадор, Дэвид-де ла Фуэнте, Максим Гуров, Андрей Гривко, Джесус Хернандес, Дэниель Наварро, Дэниель Новаль және Сергей Ренев қатысады. Бұл «Астана» командасының көшбасшысы Контадордың биылғы маусымдағы алғашқы жарысы болмақ.

     Осы турнирге біздің команданың биылғы жылғы басты қарсыласы «RadioShack» командасы да мықты құраммен  қатысады.  RadioShack-тің құрамында былтырғы маусымда «Астана» сапында өнер көрсеткен неміс Андреас Клёден және американдық Левай Лайфаймер бар. Былтыр «Астана» намысын қорғаған Андреас Клёден «Тур де Франс» көпкүндігінде А. Контадордың жеңіске жетуіне  көмектесіп, өзі жалпы есепте 6-шы орын алған болатын.

    Ернұр Ақанбай

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 4 комментария

  • Quote

    Ogan demei — osy turnirge dep zhazsan durys bolatyn siakty!

  • Quote
    Sake Kazakhstan (Editor) on 18 Февраль 2010, 11:08:

    мақала автордан еш өзгеріссіз жария етілді

  • Quote

    Ogan demei – osy turnirge dep zhazsan durys bolatyn siakty!

    Бiткен iске сыншы коп демекшi, акыл айтпай, одан да комектеспейсiндерме!

  • Quote
    Sake Kazakhstan (Editor) on 18 Февраль 2010, 17:23:

    жоқ менімше солай сынап, ақыл кеңестеріңді Аскар сияқты айта беріңдер! рахмет!

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание