Контадор «водовоз» емес

    • Filled in News in Kazakh 4 Сентябрь 2009 в 1:21, author: Sake
    • Views: 2 704.

    Кеше шетелдік басылымдардың бәрі Альберто Контадордың әлем чемпионатына бармайтындығын жарыса жазды. Кейбіреулер оның бұл шешіміне таңданып та жатты. Несіне таңданады?..

    Велоспорттан 2009 жылғы әлем чемпионаты 23-27 қыркүйек аралығында Швейцарияда өтеді. «Астана» клубының серкесі Альберто Контадор өзінің әлем чемпионатына бармайтындығын «Мен Хосе-Луис Сантоспен (Испания құрамасының бапкері – авт.) сөйлестім. Жыл бойынғы менің нәтижелерімді саралай келе және «Тур де Франс» көпкүндігінен кейін жарыс жолына шықпағандығымды ескере отырып, біз менің орнымды басқа велоспортшыға босатқан дұрыс деп шештік» деп түсіндіріпті.

    Дұрыс-ақ. Контадор «Тур де Франс» көпкүндігіндегі жүйкесіне тиген жүктемелер мен шиеленісті бәсекеден тынығып үлгермеген де болар. Десек те, мұның төркіні тереңде секілді ме, қалай? Айталық, әлем чемпионатындағы аламан жарыста Испания құрамасы Контадорға емес, басқа біреудің жеңіске жетуіне жағдай жасайтын болуы мүмкін. Мысалы, Бейжің Олимпиадасында Испания велошабандоздары Самуэль Санчестің чемпион болуы үшін тер төккен. Бұл жолы да солай болуы ықтимал. Себебі Испанияда жолы да, жасы да үлкен дүлдүлдер көп. Ал су тасу жағынан Контадордан асып түсетіндер жеткілікті, әрине. Контадордың әлем чемпионатынан бас тартуы Бейжіңдегідей команда серкесіне су тасып, қызмет еткісі келмегендіктен болуы әбден мүмкін. Қанша дегенмен ол «Тур де Франс» көпкүндігінің екі дүркін жеңімпазы ғой.

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание