Контадор төңірегінде допинг дауы басталды

    • Filled in News in Kazakh 2 Октябрь 2010 в 8:17, author: Sake
    • Views: 2 865.
    Жомарт Рахымжан, 7 канал

    «Астана» велоклубының басына тағы да қара бұлт үйрілді. «Тур де Франс додасында топ жарған Альберто Контадор жарыс кезінде допинг тұтынды» деген ақпарат шықты. Қазір бұл деректі халықаралық велоспорт одағы зерттеуге кірісіп кетті. Тақырыпты Жомарт Рахымжан толықтырады.

    Даудың шығуына Тур де Франс көпкүндігі кезінде шабандоздан алынған қан сараптамасы себеп болған. 21 шілде күні тапсырылған сынамада Контадордан кленбутерол жұрнағы табылған. Енді халықаралық велоспорт одағы тексеріс толық аяқталғанша спортшыны жарыстан уақытша шеттетіп отыр.

    Альберто Контадор - Тур де Франстың үш дүркін жеңімпазы

    «Мені додалардан аластау нағыз қателік. Препарат менің ағзама жеген тамағыммен келді. Сынама алынған күннен бұрын мен ет жеген болатынмын. Және сол күні тағы да жедім. Және сол күні тоқталған қонақүйдің тағамына қатысты сын көп болған».

     Бір қызығы, спортшыға тест қорытындысы жайында 24 тамызда белігілі болады. Алайда халықаралық велоспорт одағы сол уақытта жеңімпазды атығынан айыру туралы жақ ашпаған. Айтпақшы, әлгі қанынан табылған кленбутанол қауіпті нормадан 400 есе аз екен. Яғни, допинг деп айтуға әлі ерте. Дей тұрғанмен «Астана» жейдесін киіп «Тур де Франстың» үш дүркін жеңімпазы атанған Контадордың допинг пайдаланғанын халықаралық велоспорт дәлелдеп жатса, онда Тур де Франс-2010 бәсекесінде екінші орыннан көрінген Люксембург шабандозы Энди Шлек жеңімпаз деп танылады. Естеріңізде болар, «Астана» командасымен келісімшарттын үзген испандық шабандоз келер маусымнан бастап «Саксо Банк» клубында өнер көрсетуге бел байлаған болатын. Талантты спортшыны допинг дауына салып, тауын шағушылар да жоқ емес болар. Естеріңізде болса, дәл осындай жағдайды «Астана» командасының көшбасшысы Александр Винокуров басынан кешкенін жанкүйер жақсы біледі. Белді спортшыны велоспорт одағы екі жыл үлкен спорттан шет қалдырған болатын. Енді Контадор Винокуровтың кебін кие ме, оны алдағы уақыт көрсетеді.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание