Контадор сәрсенбі күні CAS алдында жауап берді.

    • Filled in News in Kazakh 24 Ноябрь 2011 в 12:47, author: Starlights
    • Views: 1 565.

    Контадор сот отырысының бірінші күнінде

     

    Түп-нұсқа: Contador to appear before CAS hearing on Wednesday afternoon

    Контадор сәрсенбі күні, түстен кейін, Лозаннадағы тыңдалып жатқан, 2010 жылдың Тур Де Франсындағы кленбутерол байқалған тесті туралы іс бойынша, өз ойларын сот отырысына жеткізу керек болған.

    Оның бұрынғы ұжымы, Астана бойынша командаласы болып келген Тиралонго, сәрсенбі күні  куәгер ретінде сөз сөйледі, отырыс Халықаралық Олимпиада Комитетінің бас бөлімінің жоғарғы қабаттарында өтті. Тиралонго cyclingnews сайтына өзінің сот алдында тыңдалғанын мақұлдады, бірақ толығырақ мәлімет беруден бас тартты.

    2010 жылы Контадормен бірге Астанадан Саксо банк ұжымына өткен Бенджамин Новаль да, сәрсенбі күні өткен Лозаннадағы сот отырысына қатысты. Ол да, Тиралонго сияқты, Контардың қорғаныс жағымен куәгер ретінде шақырылды.

    Эксперттер мен куәгерлер қатысқан отырыста не туралы сөз болғаны құпия ретінде сақталғанымен, сырт жақта көптеп жүрген журналисттер аздап мәліметтермен бөлісті.

    Gazetta Dello Sport-тың айтуы бойынша, Контадордың атынан, американдық психолог Луи Ровнер сөйлеген еді. Итальян газетінің мәліметі бойынша, Ровнер Контадордың өткен жылдың көктемінде АҚШ-қа жасаған сапарында, оны полиграфпен тексерген еді. Ол кезде Контадор өзінің қанын қайта құғанын жоққа шығарған болатын.

    Оған қоса, L’Equipe-тің айтуы бойынша, WADA Контадордың биологиялық паспортына сәйкес, оның 21-шілденің таңында қанын қайта құйғаны анық екенін дәлелдеп тырысуда.

    Бейсенбі  күні, ертеңгісін,  сот отырысына қатысқан барлық жақтарға қорытынды сөз беріледі. Сот отырысының шешімін тек қаңтар айына таман күтуге болады. Сонымен, бұл оқиға жаңа жылға дейін өз жалғасын таппайды. Айта кету керек, ақырғы шешім, Контадорға кесірі тиген тест алынған күннен, он сегіз айдан кейін ғана жарияланбақ.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание