Контадор “Астанадан” кетеді

    • Filled in News in Kazakh 29 Июль 2010 в 11:48, author: Sake
    • Views: 3 258.

    “Тур де Франс” көпкүндігінің жеңімпазы Альберто Контадор “Астана” вело клубымен келісім шартын ұзартпайды.

    Бұл жөнінде испан спортшысының өзі мәлімдеді. Контадордың  “Астанамен” келісім шарты осы маусымның соңында аяқталады. Әзірге оған құда түсушілердің ішінде “Саксо Банк” командасы бар.  “Былтыр да кетем деп”,  ақырында қалып қойған Альберто,  бұл жолы сол сенарийдің қайталанбайтынына толық сенімді. “Мейлі миллион берсеңде қазақ командасында қалмаймын“,- дейді. Испан спортшысы “Астана” сапына 2008 жылы келген болатын.  Осы аралықта ол «Тур де Франс» (2009, 2010), «Джиро д’Италия (2008)  және «Вуэльта» (2008) көпкүндіктерінде топ жарды.

    Контадордың “Астанадан” не үшін кеткісі келеді? Сіз қалай ойлайсыз қадірлі оқырман?

     

    Аламан ақпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 3 комментария

  • Quote
    Серік.И Kazakhstan on 30 Июль 2010, 00:59:

    Контадор кетсе жолы болсын.”Қашпақ болсаң зымыра”-деген,рамет айтып қоштасу керек.Оның кеткені жақсы болды,өйткені өзіміздің қазақстандық велошабандоздарғада мөмкіндік беру керек.Биылғы Тур де Франсқа екі ғана отандасымыз қатысты.Дұрысында төртеуі қатынасуы керек еді.Мысалы Д. Фофоновтың испадықтардан еш жері кем емес еді.Құдайға шүкір ВИНО командаға қайтып келіп өз күшін көрсетті;Европаға өзін мойындатты.Котадор бәрібір кететін еді.Одан басқада күшті велошабандоздар барғой,сондықтан оның кеткеніне өкінбеу керек.

  • Quote
    nurbekshalkar Kazakhstan on 31 Июль 2010, 14:53:

    Mavr ozinin jumisin istedi, kete beruge boladi.

  • Quote

    Мәселе тек ақшада емес-ау деймін, командада жақсы қатынаста жоқ сияқты. Ол кеткісі келетінін алдынан айтып жүрген, бірақ оның орнын басатын біреу болуы керек, Шлек сияқты. Вино жасы келіп қалды, ізбасар дайындауды да қолға алу керек.

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание