Контадор Алматыда жарысқа түспек

    • Filled in News in Kazakh 2 Август 2010 в 3:43, author: Sake
    • Views: 2 955.

     

    Альберто Контадор Қазақстанға келуге келісім беріпті. Қыркүйектің 17-сі күні елімізге аяқ басатын әлем велоспортының майталманы «Астана» жанкүйерлерімен және ел велоспортының басшылығымен қоштасу үшін келмек.
    Контадордың әзірге еліміздің қай қаласына келетіні белгісіз. Дегенмен бейресми ақпараттарға сүйенсек, «Тур де Франс» көпкүндігінің үш дүркін жеңімпазы мен Қазақстан велоспорт федерациясының басшылығы Алматыда кездеспек. Бұл кездесуге қазақ велоспортының беткеұстары Александр Винокуров пен велоспорт тарихында өшпес ізін қалдырған ардагер шабандоз Эдди Меркс те келеді деп күтілуде.

    Айта кетейік, биыл Алматы қала күнін 19 қыркүйек күні атап өтеді. Осыған орай Александр Винокуров оңтүстік астанамызда кішігірім велотурнир ұйымдастырмақ. Қазақстанға сапарында Альберто Контадор осы турнирдің құрметті қонағы болып, басқа велошабандоздармен бірге жарыс жолына да шығуы мүмкін. Сондай-ақ өзінің 65 жасына қарамастан, атақты Эдди Меркс те жарысқа түсуге келісімін берген көрінеді.

    Автор: Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание