Кивилев турнирі аяқталды

    • Filled in News in Kazakh 24 Сентябрь 2010 в 5:39, author: Sake
    • Views: 2 252.

    Талдықорғанда танымал велоспортшы Андрей Кивилевті еске түсіруге арналған көпкүндік аяқталды.

    Хабар агенттігі

    Жеті жыл бұрын Париж-Ницца көпкүндігінің кезеңдерінің бірінде қаза тапқан велошабандоз Жетісу өңірінің тумасы. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 94-ші және 96-шы жылы туылған 100-ге жуық шайтанарбаны серік еткен өрендер қатысты. Бес кезеңнен тұратын бәсекеде спортшылар 25 шақырымдық жекелей сында, 90 шақырымдық таулы кезеңде, сосын 103 шақырымға созылған топтық жарыстан кейін, 14 шақырымдық таулы кезеңде жекелей жарыста бақ сынады. Соңғы кезең 40 шақырымдық айналмалы жарыспен аяқталды.

    Турнирдің жабылу салтанаты Андрей Кивилев атындағы көшеде, спортшыға қойылған ескерткішінің қасында өтті. Жеңімпаздарды велоспортшының жақындары марапаттады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға Алматы облысының велошабандозы Кирилл Мордвинцев ие болды. Жамбыл облысынан келген Бақыт Ғайнуллин екінші, ал жергілікті спорт мектебінің жүйрігі Борис Иванов үшінші орыннан көрінді. Командалық сында Алматы облысы алға шықты. Жамбыл мен Қарағанды облыстары үздік үштіктен орын алды. «Тау жүйрігі» атағына жамбылдық Тимур Бибатов ие болса, оның командаласы Магомед Мамедов ең «белсенді жүйрік» болып танылды.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание