Кері процесс: келімсектер көбейіп, отандастар азайып барады

    • Filled in News in Kazakh 17 Январь 2011 в 4:27, author: Sake
    • Views: 2 027.

     

    Еліміздің «Астана» велоклубы жаңа маусымының басталар шағы таяп қалды. Қаңтардың 18-і мен 23-і аралығында «Тур Даун Андер» көпкүндігіне қатысатын «Астана» жаңа маусым шымылдығын ашады. Ал біз өз кезегімізде қазақстандық велоклубтың биылғы әлеуетін сараптап көрсек деген едік.

    Сонымен, құрамын толық жасақтаған «Астана» жаңа жылдан бері екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бүгінде команда толық құраммен Испанияның Кальпе қалашығында дайындалуда. Маусым­аралық үзілісте клуб он спортшысымен қоштасып, олардың орнын басқа он спортшымен толықтырды. Кеткендерде Альберто Контадор, Оскар Перейро, Хесус Эрнандес, Валерий Дмитриев сынды саңлақтардың бар екенін білесіздер. Ал команданы толықтырғандардың қата­рында Роман Кройцигер, Евгений Петров, Томаш Вайтку сияқты майталмандар бар. Алайда жанкүйерлер биыл «Астананың» халықаралық жарыстарда атой салатынына сенімсіздеу. Тіпті ең үлкен үш турнирдің біреуін жеңетініне де ешкім кепіл бола алмайды. Ол түсінікті де. Себебі басты бәсекелестермен салыстырғанда биыл қазақстандық команданың құрамы әлдеқайда әлсіздеу. 40-қа жақындаған Александр Винокуров пен бұған дейін үнемі басқа спортшылардың көлеңкесінде қалып келген Роман Кройцигер дәл биыл ерлік көрсете алмас. Өзіне «Джиро д’Италияны» жеңіп алуды мақсат қойып отырған Кройцигердің ұмтылысы жақсы-ақ, бірақ Альпі тауы бөктерінде өтетін бұл турнирді жеңуді мақсат тұтқандардың өте көп екенін естен шығармаған жөн. Ал Александр Винокуровтың аранына сүйсінгеннен басқа шараң жоқ. Биыл басқа басқа емес, «Тур де Франс» көпкүндігін жеңіп алуды көздеп жүр. Иә, хош делік. Армандауға әлі ешкім тыйым салған жоқ. Алайда жеңгіш болса, баяғыдан бері қайда жүр?! Жас кезінде ала алмаған қамалды енді алмақ па?! Әлде 40-қа тақағанда Винокуровтың екінші демі ашылды ма екен? Жоқ, біз Винидің мүмкіндігіне шүбә келтіріп отырған жоқпыз. Қайта жеңіп жатса, қуанамыз, алақанымызға салып аялауға бармыз. Десек те, осы жолы «жеңімпаз атанамын» дегені асыра сілтегендік болған сияқты. Команданың капитаны болар-ау, бірақ дәл қазір «Тур де Франстың» «капитаны» бола алмас.

    Жалпы, бүгінде «Астанада» 27 велоша­бан­доз бар екен. Солардың 16-сы легио­нерлер болса, 11-і – өз отандастарымыз. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтыр команда сапында 13 жерлесіміз болған екен. Сонда қазақстандық клуб шетелдіктерді жарылқайтын команда болғаны ма? Клуб басшылығының «біртіндеп командаға өз отандастарымызды тарта бастаймыз» дегендері қайда?! Еске түсірейікші, әу баста «Астана» Қазақстанның имиджін шетелде көтеру үшін, сонымен қатар Қазақстан велоспортын дамыту үшін құрылған жоқ па еді?! Әлде ел велоспортын келімсектер көтермек пе?! Бәрінен де өкініштісі, 16 легионерге орын тауып беріп, солардың барлығын сыйғызған «Астанамыз» Андрей Кашечкинді сыйғыза алмады. Әйтпесе Кашечкин командадағы легионерлердің көбінен мықты екені белгілі. Өкінішке қарай, еліміздің маңдайалды велошабан­доздарының бірі «Астананың» емес, Италияның «Лямпресінің» намысын қорғауға мәжбүр. Сондай-ақ әлі күнге дейін Андрей Мизуровты командаға шақырар емеспіз. Әйтпесе ұлттық құрамада капитандық міндетті атқарып жүрген Андрейдің пайдасы кейбір келімсектерге қарағанда әлдеқайда көп болар еді.

    Сонымен, «Астанадан» биыл ерлік күте алмайтын сияқтымыз. Ал биылғы жылдың басты фавориттері Шлектердің командасы «Леопард», Ресейдің «Катюшасы», Италияның «Ликвигазы» болады деп болжап отыр мамандар. Сондай-ақ егер Альберто Контадор ақталып шықса, Данияның «Саксо банк» командасынан жеңістер күтуге болады. Осылардың ішінде, әсіресе ағайынды Шлектердің командасына көз сүйсінеді.

    «Астана» велоклубының 2011 жылғы құрамы:

    Асан Базаев, Александр Винокуров, Александр Дьяченко, Максим Иглинский, Валентин Иглинский, Андрей Зейтц, Дмитрий Фофонов, Максим Гуров, Евгений Непомнящий, Роман Киреев (бәрі де – Қазақстан), Паоло Тиралонго, Энрико Гаспаротто, Франческо Маскьярелло, Мирко Лоренцетто (бәрі де – Италия), Алан Дэвис, Симон Кларк (екеуі де – Австралия), Роман Кройцигер (Чехия), Евгений Петров (Ресей), Роберт Кисерловски (Хорватия), Реми де Грегорио (Франция), Фредрик Кесьякоф (Швеция), Томаш Вайткуш (Литва), Танел Кангерт (Эстония).

    Автор: Әзиз Жұмаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 5 комментариев

  • Quote

    Әзиз, мырза, сіз қателесесіз! Астана командасы Контадор кетісімен «СУПЕР-КОМАНДА» атағынан айырылған шығар, бірақ жаңадан құралған команда өте мықты деп толық айтуға болады! Және де жаңадан келген сарбаздар өзінің потенциалын әлі көрсетеді! Ал ВИНО Тур де Франстан жеңімпаз емес, подиумға көтерілуді немесе тау номинациясын ұтуды көздеп отыр! Ал Кройцигер болса былтыр көлеңкеде емес, өзінің капитандарына бар ынтасымен көмектесті! Бұл оның командалық спортсмен екенін тағы да көрсетеді! Ал сізге айтарым, мұндай мақала жазар алдында велоспортты толығымен зерртеп алып болғаннан кейін ғана жазыңыз!

  • Quote
    azekeprofit Kazakhstan on 26 Январь 2011, 11:36:

    Екi-ақ адам кеткенi туралы соншама сөз жазудын және оны әлемдік апат пен трагедия түрінде көрсетуде не пайда бар?

  • Quote

    negizi, kontador bolmasada, komanda ote mykty, osy zhyly koresizder!

  • Quote

    «Елім, жерім» деп жаны жай таппай жүрген азаматтың жан-айқайы ғой бұл… Десек те жалғызымыздың ертеңгі күніне үлкен сеніммен қараймын! Контадордың кетуі біздің ұжым үшін ауыр соққы болғанымен, оны есеңгіретіп жіберді дегенге сенбеймін! Кройцигер, Машиарелли, Кисерловскилерден нәтиже күтуге болады! Отандастарымыздың да шама-шарқынына шүбә келтірмейік! Бәрі де алда! Үмітімізді үзбейік! Бірақ орынды айтылған сынға түсіністікпен қарағанымыз жөн…

  • Quote

    Джиро дель Трентино 2011, этап 1 (ITT)
    Давай Рома! Саған сенем

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание