Келімбетов Ахметовтің орнын басты

    • Filled in News in Kazakh 20 Ноябрь 2009 в 9:31, author: Sake
    • Views: 1 728.

    Қазақстан велоспорт федерациясының президенттігіне жаңа басшы сайланды. Денсаулығына байланысты өз еркімен «отставкаға» кеткен Даниал Ахметовтің орнына «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов келді.

    Соңғы кездері «Астана» велоклубын «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландырып келгені жасырын емес. Сондықтан ерте ме, кеш пе, велоспорт федерациясының басшылығына Қайрат Келімбетовтің келетінін сезгенбіз. Дегенмен велоспорт федерацияның атқарушы директоры Александр Антышевтің айтуынша, Даниал Кенжетайұлы федерацияда құрметті президент ретінде қалады. Ал «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының атқарушы директоры Қайрат Әйтекенов велоспорт федерациясына вице-президент болып сайланды. Жалпы, велоспорт федерациясында төрт вице-президент бар.
    Велоспорт тақырыбына орай айта кетейік, «Астана» велоклубының халықаралық велосипедшілер қауымдастығынан келесі жылға «Про-тур» лицензиясын алу үшін бүгін соңғы күн. Осыған орай бүгін «Астана» велоклубының вице-президенті Николай Проскурин Алматыда баспасөз мәслихатын өткізеді. Оның қорытындысын газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.

    Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание