«Қазақстан оқушылары» атты 42-ші көпкүндік веложарыс басталды

    • Filled in News in Kazakh 8 Август 2011 в 1:04, author: Sake
    • Views: 2 460.

    «Қазақстан оқушылары» атты 42-ші көпкүндік веложарыс басталды. 14 тамызға дейін жалғасатын мәртебелі жарсқа еліміздің 137 жас спортшысы қатысуда, деп хабарлады ҚР Велоспорт федерациясының баспасөз қызметінен. Өскеменде жалауын көтерген шара барысында Қазақстан мен Өзбекстанның балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің командалары бір апта бойы 100 шақырымдық бес топтық жарыста, 50 шақырымдық критериум жарыста және 25 шақырымдық жеке жарыста бақ сынайды. Байрақты бәсекені ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Велоспорт федерациясы ұйымдастырып отыр. «Қазақстан оқушылары» кәсіби велоспортшылардың жаңа буынын қалыптастырудағы бірегей спорттық шара болып табылады. Осымен 42-ші рет өтіп отырған бәсекелі жарысқа жалпы 6 мыңға жуық жас спортшы қатысты. Олардың қатарында қазіргі уақытта әлемдік дәрежеде өнер көрсетіп жүрген Александр Винокуров, Андрей Кивилев, Андрей Кашечкин, Дмитрий Фофонов, Александр Шефер, Асан Базаев, Роман Кироеев, Андрей Мизуров, Сергей Третьяков сынды дарынды спортшылар бар.

    ҚазАқпарат

     

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание