Кашечкин «Тур де Франстан» тыс қалды

    • Filled in News in Kazakh 4 Июль 2011 в 3:55, author: Sake
    • Views: 1 914.

    Итальяндық  «Lampre» командасында өнер көрсетіп жүрген  қазақстандық танымал  велошабандоз  Андрей  Кашечкин  «Тур де Франс»   жарысына    қатысатын өз  командасының  құрамына  кіре алмай  қалды.

    Естеріңізге сала кетейік,    турнир   кеше, шілденің 2-сінде  француздық  Вендее  қаласында  басталды.

    Көптеген жанкүйерлер оның турнирге  қатысуын асыға күткенін ескере  отырып,   А.Кашечкиннің фан-клубының  жетекшісі Филипп Амато  өз  сайтында    қазақстандық  велошабандозбан  алған  сұхбатты  жариялады.    Спортшы өз сұхбатында    орын алып отырған  жағдайға түсіндірме беріп  өтті.

    - Андрей,  «Тур де Франс» турниріне  қатыса алмай  қалғаныңызды  қалай түсіндіресіз?

    -  Бұл  мен  үшін   өкінішті    жайт.   «Тур де Франс» менің  бұл  маусымдағы мақсатым болатын және  менің   командамен   жасаған  келісімшартым  да  осы  веложарысқа қатысу  мүмкіндігімен  байланысты   еді.

    -  Дайындығыңыз қалай еді?

    -   Командаға неге қоспай қойғанын түсіне алмай  отырмын, себебі  менің  дайындығым  өте жақсы.  Барлық   медициналық    тестілерден   өттім.  Команда басшылығы менің денсаулығымның жақсы   екендігі  жайынан  хабарлар,   соған қарамастан  мені  «Тур де Франсқа»  қатысатын команданың  құрамына қоспады.

    -  Дайындығым жақсы деп отырсыз,   биыл «Тур де Франс»-та қандай   орын аламын деп ойлап едіңіз?

    -  Болжам жасау   оңай   іс емес, бірақ тәжірибемді ескерсем,    үздік  ондыққа кіре алар едім деп ойлаймын.

    -   «Lampre» басшылығы  Сізді команда  құрамына неліктен    қоспағанын қалай  түсіндіріп отыр?

    - Бұл сауалға  менің жауабым жоқ.   Мүмкін,   бұл итальяндық команда  болғандықтан   және оның мақсаты -  қазақстандық  спортшыға емес,  өз   көшбасшыларына     назар  аудару   болғандықтан  шығар.

    Аламан порталы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание