Канчеллара қанша рет қара үзді?

    • Filled in News in Kazakh 30 Сентябрь 2009 в 11:39, author: Sake
    • Views: 2 721.

    «Велоспортшылар арасындағы әлем чемпионаттарында Канчелларадан асып түскен ешкім жоқ» десе де болады. Себебі Швейцария саңлағы Фабиан Канчеллара кейінгі жылдары велошабандоздарды сөреден жеке-жеке жіберетін жарыста ешкімге дес берер емес.

    2006 жылы Зальцбургте, 2007 жылы Штутгартта және биыл 2009 жылы Мендризиода өткен әлем чемпионаттарындағы жеке жарыста бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ былтыр Бейжің Олимпиадасындағы жеке жарыста да Канчеллара топ жарып, Олимпиада чемпионы атанды.

    Жалпы, бүкіләлемдік біріншіліктегі велошабандоздарды жарыс жолына жеке-жеке жіберетін бәйгеде Эдди Меркс, Ван Стинберген (екеуі де – Бельгия), Альфредо Бинда (Италия), Оскар Фрейре Гомес (Испания), Майкл Роджерс (Австралия) және Фабиан Канчеллара сынды саңлақтар үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл тұрғыда бұлардан асып түскен ешкім жоқ. Яғни әзірше төрт дүркін әлем чемпионы болған ешкім жоқ. Ал Канчеллараның былтыр Олимпиада чемпионы атанып, мәртебесі бәрінен жоғары көпкүндіктердегі осындай бәйгелерде де жеңіске жетіп жүргендігін ескерсек, дәл қазір оның шоқтығы биік екендігіне ешкім де шүбә келтірмейді. Сөз жоқ, ол – дәл қазір осындай жеке жарыстардың теңдессіз тарланы.

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание