Италияндықтармен сұхбат: Джузеппе Мартинелли

    • Filled in News in Kazakh 4 Март 2010 в 4:24, author: Djago
    • Views: 6 184.

    Мартинелли мырза  барлық ресми іс шаралар біткесін, кіші Просикуринмен қонақ күтер бөлмеде сөйлесіп тұрған жерінде біздің қолымызға түсті.  Cөз аяғын күтіп алып, бізде кірістік: астанафанс атынан сұраған шағын сұхбатқа ол оңай келісті.

    Қайырлы күн, Мартинелли мырза! Біз команда жанкүйерлері бас қосқан астанафанс.ком сайтының  атынанбыз. Жаңа командадағы көңіл күйіңіз қалай?

    Мен үшін Астана сияқты өте маңызды да атақты команданың спорт директоры болу үлкен құрмет. Шындығын айту керек, кейбір қиыншылықтар болды: өзіңіз білесіз, бізге командада барлығына дерлігін қайтадан жаңартуға тура келді( техника, команда құрамы, директорлар). Бірақ, әрине, бізде бұл қиындықтардан сүрінбей өтугу барлық мүмкіндіктер бар.

    Сіз бүкіл команданы қадағалайсыз ба?

    Негізінен мен Альберто үшін спорт директоры болғаным абзал, дегенмен бұл мені бүкіл шабандоздарды қадағалаудан босатпайды: команданың басқа спорт директорлоры сияқты бұл менің негізгі міндеттеріме кіреді.

    Сіз спортсмендердің жаттығуларында боласыз ба?

    Жоқ, әрбір шабандоз жеке өзі дайындалып жаттығады. Олардың әрқайсысында біз дайындаған жеке прогаммасы бар. Менің негізгі міндетім-жарыс стратегиясын әзірлеу.

    Сіздің осы жылға көздеген мақсатыңыз?

    Әрине Тур-де-Франс. Маған  ең маңыздысы Aльбертоға өткен жылдың Тур-де-Франстағы жеңісін  қайталауға барлық жағдайды жасау.

    Бірақ шыны керек, мен барлық жарыстарды жеңуге құштармын.

    Джиро ше?

    Джирода Винокуров команданың көшбасшысы болмақ. Менің ойымша биылғы Джиро өте қиын болары сөзсіз. Бірақ өткен дайындық жаттығу жиындарында  Виноның нағыз чемпион (Grande Campione) екеніне менің көзім жетті. Сондықтанда мен бәрі де жақсы болатынына нық сенімдмін.
    Сіздің ойыңызша, командада Вино мен Контадан басқа қандай мықты шабандоздар бар?

    Перейро -  Тур де Франстың чемпионы. Әрине, оған өзінің әлі де чемпион екенін дәлелдеу керек қанша дегенмен 2 жыл бойы жұрт назарынан тысқары болды ғой. Бізде Базаев сияқты басқа да мықты шабандоздар бар: оларды өз басым әлі іс жүзінде көре қоймағанмен,  олардың тамаша спортсмендер екеніне мен сенімдімін.

    Демек, болашақта да Астананың ең мықты команда атағын сақтап қалуныа мүмкіншіліктері  бар ғой?

    Солай деп үміттенем. Биылғы жыл ерекше болмақ: командадан қаншама мықты шабандоздар кеткенімен, ең мықтысы бізбен қалды. Альберто! Альбертоның сенімін ақтай аламын деп үміттенемін. Әрине, команда жеке тұлғалардан  тұрмайды,сондықтан әрбір шабандозда өзін көрсететін жұлдыздық сәті болады. Бірақ олар үшін биылғы жылға қойған негізгі мақсат Альберто мен Виноның қасында жұмыс істеу болмақ.
    Астананың негізгі бәсекелесі кім болмақ?

    Барлық командалар бізге бәсекелес болмақ! Олардың армандаған мақсаты  Астананы жеңу екеніне менде еш күмән жоқ. Бірақ,  біз олардың армандарын іске аспас үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.


    Сұхбатыңызға үлкен рахмет!

    Рахмет!

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 4 комментария

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание