Испаниялық Хуан Хосе Кобо — «Вуэльта-2011» велокөпкүндігінің жеңімпазы

    • Filled in News in Kazakh 12 Сентябрь 2011 в 6:06, author: Sake
    • Views: 2 549.

    Кеше үш аптаға жуық уақытқа созылған «Вуэльта» велокөпкүндігі өз мәресіне жетті.

    Жарыстың соңғы 21-кезеңінде словакиялық Петер Саган («Liquigas») жеңіске жетті.

    Ал жалпы есепте «Geox-TMC» командасының велошабандозы Хуан Хосе Кобо «Вуэльта-2011» көпкүндігінің жеңімпазы деп танылды. Одан 13 секундқа қалып келген ұлыбританиялық Христофер Фрум екінші орын, 1 минуттан астам уақытқа кешіккен «тұманды альбионның» тағы бір өкілі Брэдли Уиггинс үшінші орын иеленді.

    Клубтың көшбасшысы Александр Винокуров жарақат алғалы бері отандық «Астана» командасы биылғы маусымда сүреңсіз өнер көрсетіп жүр. «Тур де Франста» қанағаттанарлық нәтижелерге қол жеткізбеген біздің команданың «Вуэльтадағы» жеткен ең жоғары көрсеткіші Роберт Кисерловскидің жалпы есептегі 18-орны болып отыр. Соңғы 4-5 жылда әлемдегі ең мықты клубтардың бірі атанып келген «Астана» үшін бұл мақтанарлық меже емес екені анық.

    «Астана» велошабандоздарының жалпы есептегі уақыттары:

    18. Роберт Кисерловски (Хорватия, «Астана») - 13,27

    34. Фредрик Кесьякофф (Швеция, «Астана») - 51,28
    57. Хосеп Хуфре (Испания, «Астана») - 1:59:10
    59. Андрей Мизуров (Қазақстан, «Астана») - 2:03:48
    64. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») - 2:10:40
    65. Евгений Петров (Россия, «Астана») - 2:13:50
    78. Энрико Гаспаротто (Италия, «Астана») - 2:35:11
    89. Андрей Кашечкин (Қазақстан, «Астана») - 2:54:57
    102. Александр Дьяченко (Қазақстан, «Астана») - 3:08:09.

    Жасұлан Аманбайұлы

    ҚазАқпарат 

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Quote

    Кобо мен Фрумның нәтижелері, әрине, бұл жарыстың басты сенсациялары болды. Мәселе, олар осы деңгейін келесі жылдары дәлелдей ала ма? Әлде «Жарқ етті де жоқ болдының» кебін кие ме?
    Ал керісінше жұрттың бәрі «осылар озу керек» деп күткен Скарпони мен Антон көңілден шыға алмады.

  • Quote

    Болжай алмас нәтижелердің болуы да біз көрермендер үшін жақсы емес пе бір жағынан. Ал Астананың нәтижелері шынымен ақ жерге қаратқызады ((((

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание