Гранд Тур табыс сыйлай ма?!

    • Filled in News in Kazakh 5 Май 2010 в 10:58, author: Sake
    • Views: 2 627.

    Велоспорт әлеміндегі ең әйгілі 3 турнирдің бірі  - Джир д Италия. Испан көпкүндігі Вуэльта және танымал турнир Тур де Франспен терезесі тең тұрған жарысты қарапайым спорт газетінің бөлім редакторы Армандо Куне ойлап тапқанын жанкүйер біле бермейді.

    Газет оқырмандарын көбейту мақсатында ойлап табылған велокөпкүндік  өткен ғасырдың басында өмірге келген болатын. 1909 жылы мамырдың  13-е бастау алған жарыстың жалпақ әлемге аты таныс, әйгілі атанатынын ол күндері болжаған ешкім болмады.  Биыл Джиро д Италия  93-рет өткелі отыр. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғана велошабандоздар тас жолға шыққан жоқ. Сайыстың тұңғыш жеңімпазы италиялық Луиджи Ганна екенін тарих парақтарынан білу қиын емес, ал Қазақстан үшін атышулы жарысты жеңіп алған  - Альберто Контадор. 2008 жылы «Астананың» испандық шабандозы  Италия төрінде топтан дара шыққан болатын. Топ бастаушы велоспортшыға  сайыстың дәстүрлі қызғылт (розовый) түсті жейдесі беріледі. Ал, жасы 25-ке жетпеген жас спортшылардың ішіндегі оза шапқаны құрметті ақ жейдені киюге құқылы. Тау жолдарында шапшаңдық танытып, қарсыластарын қою шаңда қалдырған  шабандозға жасыл түсті жейдеге иелік ету бақыты бұйырады.

    Джиро д Италияда жеңімпаз атанған, жарысты толығымен аяқтаған спортшы 4337 шақырымды шайтанарбамен жүріп өтеді, ал сайыс ішіндегі ең ұзақ қашықтық  Лукка мен Рим аралығы - 430 километр. Қазақстанның әлемдік брендке айналған командасы «Астана» да 8 мамыр күні басталатын кезекті Джироға аттанады. Жақында ғана екі ірі жеңісімен жанкүйерді қуантқан Александр Винокуров бастайтын спортшылар тізімі төмендегідей:

    Александр Дьяченко

    Валентин  Иглинский

    Энркио Гаспоротто

    Андрей Гривко

    Хосеп Хуфре

    Роман Киреев

    Горазд Станегли

    Паоло Тиралонго

    Команда капитаны - Александр Винокуров. Даңқы да, дау дамайы да жеткілікті Джирода Винидің командасы Александрдың алға шығуына ықпал ететіні айтпаса да түсінікті. Гранд Турда Контадордың  екі жыл бұрынғы жетістігін қайталау Александрға артылған жүк. Қазақ велоспортының шоқжұлдызы ұзақ шақырымдарға шыдас береді деп сенгіміз келеді.

    "Ел спорты" спорт газеті

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 4 комментария

  • Quote
    MARKENNEN Kazakhstan on 6 Май 2010, 08:59:

    Сәке, мақаланың атауында қате кетіп қапты. «силай ма» деген орнына сЫлай ма» басылыпты

  • Quote
    MARKENNEN Kazakhstan on 6 Май 2010, 09:04:

    әрине дұрысы «сыйлай ма» )))) **өзіме де тән екен)))

  • Quote
    Sake Europe (Editor) on 7 Май 2010, 11:42:

    бәріне рахмет!

  • Quote
    Серік.И Kazakhstan on 7 Май 2010, 23:49:

    СӘКЕ ,егер сен орысша сайттағы Джироның басты үміткерлері жайындағы мақаланы аударып жазсаң, қазақша оқыйтын жанкүйерлерге өте қызық болар еді.Ал басталайн деп тұрған үлкен велододада ВИНО мен оның командасына табыс тілеймін.

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание