Giro d’Italia көпкүндігі: Винокуров әзірге үздік үштікте…

    • Filled in News in Kazakh 10 Май 2010 в 9:45, author: Sake
    • Views: 2 940.

    Вини

    Велоспорттан әлемдегі гранд турлардың бірі Giro d’Italia көпкүндігінің екінші кезеңі аяқталды. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық Александр Винокуров жалпы есепте үшінші орында келеді.  

    Екінші кезең. Амстердам – Утрехт. 209 шақырым. 1. Тайлер Фаррар (АҚШ, Garmin – Transitions) – 4:56.46. 2. Мэтью Госс (Австралия, HTC – Columbia). 3. Фабио Сабатини (Италия, Liquigas-Doimo)… 31. Александр Винокуров (Қазақстан, «Астана»)

    Екі кезеңнен кейін... 1. Кэдель Эванс (Австралия, BMC Racing Team) – 5:07.09. 2. Тайлер Фаррар – + 0.01. 3. Александр Винокуров (Қазақстан, «Астана») – + 0.03…

    Аламан Ақпарат

    Екі айналым артта қалды

    «Джиро д Италия» көпкүндігінің қызғылт жейдесі көп жанкүйер күткендей Кадэл Эйвенсте, Ал, Александр Винокуров жалпы есепте үшінші сатыда тұр.

    Амстердамда басталған алғашқы айналымды 4-і, ал Амстердам мен Утрехт арасындағы 209 шақырым қашықтықты 31-болып аяқтаған Александр жалпы есепте үздік үштікті қорытындылап тұр. Әсіресе, екінші айналым велошабандоздарға жайсыздық тудырғанына бүкіл әлем жанкүйерлері куә . Спортшылардың  көбісі құлап, сүрініп, жарақат алып мәре сызығына жетуде көптеген қиындықтарға тап болды. Құлағандардың арасында «Астаналық» Роман Киреев те бар.  Әзірге, «Астана» командасының көрсеткіші жаман емес. Винокуров Эйвенстен бар-жоғы 3 секунд қалып келеді.

    Ел спорты

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание