Францияда Андрей Кивилевті еске алуға арналған веложарыс өтеді

    • Filled in News in Kazakh 26 Май 2010 в 4:36, author: Sake
    • Views: 3 117.

    Францияның Вар департаментінің Сен-Лоран қаласында тамыздың 29-ы күні 2003 жылы «Париж-Ницца» жарысында қайғылы қазаға ұшыраған қазақстандық велоспортшы Андрей Кивилевті еске алуға арналған «LA LAURENTINE Andréï KIVILEV» веложарысы өтеді.

    Іс-шараны ұйымдастырушы - «Stade-Laurentin-Cyclisme» спорт клубы, олар жарысты 3 кезеңге бөлуді жоспарлап отыр. Бірінші кезең сағат 07.30-да басталып, 175 шақырымға созылады, екіншісі 08.00-де басталып, 105 шақырымға, ал үшінші кезең сағат 10.00-де басталып, 40 шақырымға созылады. Дәл сол күні қаланың бас алаңында жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тапсырылады.

    Жарысқа әр түрлі жас аралығындағы 500-ден астам велоспортшы қатысады. Оның ішінде Францияның оңтүстігінде тұратын, велоспорттың жанкүйерлері - ҚР азаматтары да бар.

    Жарыстың алдында ұйымдастырушылар Карросақаласындағы  Андрей Кивилевтің зиратына гүл шоқтарын қояды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының велоспорт Федерациясы.

    Андрей Кивилевтың жақын досы, қазақстандық Astana командасының  көшбасшысы,  қазір Giro d'Italia жарысына қатысып жатқан Александр Винокуров, сондай-ақ Astana командасының басқа да спортшылары қайтыс болған достарын еске алатын «LA LAURENTINE Andréï KIVILEV» веложарысына былтырғыдай қатысуға тырысады.   

    Андрей Кивилев 1973 жылы Қазақстанда дүниеге келген. Ол Францияда Қазақстан спортының беделін көтеруге баға жетпес үлесін қосқан алғашқы велоспортшылардың бірі.

    ҚазАқпарат

      Франция Кивилевке тағзым етеді29 тамыз күні Францияның Сен-Лоран қаласында Қазақстан велоспортшысы, марқұм Андрей Кивилевті еске түсіруге арналған аламан бәйге өтеді.

      2003 жылы «Париж-Ницца» веложарысында жол апатына ұшырап, қайтыс болған Қазақстан дүлдүлінің аруағына бағышталған бәйге La laurentine Andréï Kivilev деп аталады. Аталмыш бәйгені ұйымдастырушы – Stade-Laurentin-Cyclisme спорт клубы. Олар Кивилевті еске түсіруге арнап өткізгелі отырған бәйгелерін үшке бөліпті. Бірінші бәйгенің ұзақтығы 175 шақырым болса, екіншісі 105 шақырымнан тұрады. Ал үшіншісі 40 шақырымға созылмақ.

      Бұл жарысқа үлкенді-кішілі 500-ге жуық велоспортшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Францияның оңтүстігінде тұратын Қазақстан азаматтары да бар (әуесқой велоспортшылар). Бұл бәйгеге Францияның Лион қаласында тіркелген «Ки.Ви.Клуб» спорттық ұйымы қолдау көрсетіп, белсенді түрде көмектесуде. Бұл клубтың атауы әйгілі Қазақстан велошабандоздары Андрей Кивилев пен Александр Винокуровтың фамилияларының бастапқы әріптерімен аталған. Оның құрамына «Астана» велоклубының жанкүйерлері болып табылатын Франция азаматтары кіреді.

      Андрей Кивилевтің рухына бағышталған бәйге алдында «Ки.Ви.Клуб» мүшелері Карроса қаласындағы марқұмның зиратына гүл шоқтарын қояды. Ал Кивилевтің жан досы А.Винокуров пен «Астана» велоклубының басқа да дүлдүлдері жылдағыдай дүниеден ерте озған Қазақстан спортшысын еске түсіруге арналған бәйгеге қатысуға тырысады.

      Андрей Кивилев 1973 жылы туған. Кәсіби спорттық карьерасын 1998 жылы А.Винокуровпен бірге бастаған. Францияда Қазақстан спортының атын шығаруға (имиджін қалыптастыруға) сүбелі үлес қосқан дүлдүлдеріміздің бірі. Бірнеше халықаралық аламан бәйгелерде көзге түсіп, топ жарған.

      2003 жылы 12 наурыз күні қайтыс болды. Ла-Клайетт және Сент-Этьен қалалары арасындағы 182,5 шақырымдық кезеңдік бәйгенің көмбесіне 40 шақырым қалғанда жол апатына ұшыраған (бір-бірінің үстіне құлаған велоспортшылар тобырына тап болған). Өкінішке қарай, басында дулығасы болмағандықтан, ауыр жараланып, госпитальға жеткізіледі. Ертеңінде таңертең бас сүйегі мен миына қатысты жарақаттан айыға алмай, көз жұмды. Осы қайғылы оқиғадан кейін UCI (Халықаралық велоспортшылар одағы) барлық велошабандоздарды дулыға киюге міндеттеді.

      Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание