Ертіс жағалауындағы көпкүндік жарыс

    • Filled in News in Kazakh 7 Август 2009 в 12:29, author: Sake
    • Views: 3 089.

    Павлодарда велоспорттан дәстүрлі республикалық көпкүндік өтуде. Әзірше еліміздің бірнеше облыстары мен қалаларынан келген велошабандоздар үш кезеңдік бәйгені артқа тастады.

    Жарыстың бірінші күні үздік нәтиже көрсеткен спортшыларды атай кетсек, астаналық Михаил Кочетков алдына жан салмады. 18 шақырымға созылған жарыс жолын 59 минут 9 секундта жүйткіп өтіп, Михаил кезең жеңімпазы болып танылды. Ал Кочетковтан 5 секундқа қалып қойған петропавлдық Михаил Власов екінші орынды еншіледі. Екібастұз намысын қорғаған Александр Шушемион мәре сызығын үшінші болып кесті.
    Екінші кезең жазық тас жолда өтіп, ұзақтығы 150 шақырымға созылды. Бұл жолы Александр Шушемионның бағы жанып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Солтүстік Қазақстан облысынан келген Руслан Тілеубаев екінші орынға ие болды. Тілеубаев та – тәжірибелі спортшылардың бірі. Ол таулы-қыратты жолдармен өткен үшінші кезеңде бар күш-жігерін салып, кезең жеңімпазы атанды. Мәре сызығын екінші болып кескен Михаил Власов жалпы есепте көш бастап, алға шықты. Енді велошабандоздарды жауапты кезеңдік бәйге тосып тұр. Нақтырақ айтқанда, велоспортшыларымыз Жасыбай жотасымен Сабындыкөл арасын құраған 17 шақырымда жекелей сында жарысады. Көпкүндіктің жеңімпаздары апта соңында анықталады.

    Телжан Күдеров

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание