Екі жылдан кейін ершікке қайта отырмақ

    • Filled in News in Kazakh 17 Сентябрь 2009 в 1:40, author: Sake
    • Views: 1 879.

    Қазақстандық велошабандоз Андрей Кашечкин екі жылдық үзілістен кейін өзінің алғашқы жарысына ертең қатысады.

    ggh

    Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын, нақтырақ айтсақ, 2007 жылдың тамызында халықаралық велоспорт одағы (UCI) Андрей Кашечкинді «гемотрансфузия әдісімен допинг қолданды» деп айыптап, саңлағымызды екі жылға спорттан аластатқан болатын. Осы жылдың 6 тамызында ол уақыт та аяқталды. Дегенмен содан бері 1,5 айдан аса уақыт өтіп кетсе де Кэштің спорттық болашағы белгісіз болып келді. Тіпті, ресми түрде бірде-бір жарысқа да қатысқан жоқ.

    Алайда барлығы оңала бастады. Велоспорттан әлем чемпионатынан кейін Кашечкиннің «Астана» командасымен келісімшартқа отыратынын Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскурин де растады. Ал ертең велошабандозымыз екі жылдық үзілістен кейін өзінің алғашқы жарысына қатысады. Бір күнге созылатын Бельгия турында саңлағымыз ұлттық құрамамыздың сапында өнер көрсетпек. Оған бұл турнирде Дмитрий Фофонов, Абылай Шұғайыпов, Валентин Иглинский және Дмитрий Груздев секілді саңлақтар серік болады деп күтілуде.

    Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание