«Джиро д’Италия» көпкүндігінің командалық жарысында «Астана» 5-ші нәтиже көрсетті

    • Filled in News in Kazakh 13 Май 2010 в 1:32, author: Sake
    • Views: 2 212.

    Кеше «Джиро д'Италия» көпкүндігінің төртінші кезеңінде командалық жарыс болды.

    Бұл кезеңде «Астана» клубы үздік үштіктің қатарына кіре алмады, бірінші келген Италияның Liquigas-Doimo командасынан 0,38 секундқа қалып қойып, 5-ші нәтиже көрсетті. Ал, төртінші кезеңге дейін көш бастап, қызғылт жейдені киген Александр Винокуров жалпы есепте бірден алтыншы орынға сырғыды.

     Командалық  жарыста бірінші орынды Италияның Liquigas-Doimo командасы алды. Үздік үштіктің қатарындаы Ұлыбританияның Sky және АҚШ-тың Columbia командалары бар.

     Жалпы есепте көш басына Италияның Liquigas-Doimo командасының өкілі Винченцо Нибали шықты. Екінші және үшінші орындарда да аталмыш команданың шабандоздары  Иван Бассо мен Валерио Агноли тұр. Одан кейінгі орындарға АҚШ-тың Columbia командасының өкілдері германиялық Андре Грейпель мен австралиялық Мэтью Госс орнықты. «Астана» клубының көшбасшысы жерлесіміз Александр Винокуров әзірге алтыншы орында тұр. Винокуров бірінші орындағы Нибалидан 0,33  секунд қалып келеді.

    Ернұр Ақанбай

    ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание