«Джиро д’Италия» көпкүндігі: Винокуров көш бастады

    • Filled in News in Kazakh 10 Май 2010 в 9:53, author: Sake
    • Views: 2 890.

    Винокуров

    Велоспорттан «Джиро д’Италия» көпкүндігінің үшінші кезеңінен кейін «Астана» командасының лидері, отандасымыз Александр Винокуров көш тізгінін өз қолына алды.  

    Үшінші кезеңде бельгиялық Воутер Вейландт («Quick Step») топ жарды. Мәре сызығын екінші болып «Рабобанк» өкілі Джереми Броун (Австралия) кессе, үшінші нәтижені неміс шабандозы Роберт Форстер («Милрам») көрсетті. Вини бұл кезеңді оныншы нәтижемен аяқтады.

    Аламан Ақпарат

    Қызғылт жейдеге қол жетті!

    «Джиро д Италияның» қызғылт жейдесі Александр Винокуровта! Амстердам мен Мидделбург арасына созылған үшінші айналымды оныншы болып аяқтаған Саша жалпы есепте бірінші орынға шықты.

    Винокуровтың басты қарсыластарының бірі Кадейл Эванс бұл кезеңде барын салса да, оның маңындағы велоспортшылардың 5 рет  құлағаны және өзінің де ерінен ауып қалғаны кесірін тигізіп,  біраз уақытын жоғалтты австралиялық. 46 секундқа Александардан қалып қойған ол қызғылт жейдені бар болғаны бір күн киген болатын. Бүгін «Джирода» демалыс күні. «Астана» командасы Голландиядағы «Джиро д Италияны» сәтті аяқтап, жарысты жоғары нотада жалғастырады. Себебі, топ бастап келе жатқан біздің серкелер.

    Жалпы классификация

    1. Александр Винокуров , "Астана" - 10.07.18

    2.Ричи Порте, "Team Saxo Bank"

    3. Дэвид Миллер, "Garmin Transitions" - 00.00.01

    Ел спорты

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 3 комментария

  • Quote
    Серік.И Kazakhstan on 10 Май 2010, 23:51:

    Сашаны қызғылт майканы жеңіп алуымен құттықтаймын!!!Енді велододаның соңына дейін осы майка үстінен түспесін.Сәке саған да көп-көп рахымет.

  • Quote

    Tilegine kosylamyn,Sarsenbi (kelesi etap) Astana ushin layim satti kun bolgay

  • Quote

    Сашаға тек сәттілік тілеймін! Жеңістің басы болсын!

    Серік оқасы жоқ.

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание