ДЖИРО – 2012: Күнделік. II – бөлім.

    • Filled in News in Kazakh 2 Июнь 2012 в 11:07, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 990.

    26.05.2012   20-шы кезең. Кальдес Валь ди Соле - Пассо делло Стельвио

    Кальдес Валь ди Соледен бастауын алған бүгінгі кезең  Стельвио  тауына дейін  218 шақырымға созылды.  Максим Гуровпен ақылдасқаннан кейін,  бүгін сөреге бармастан,  жігіттерді жолдан күтіп алып, қолдау көрсетейік деп ұйғардық.   Шабандоздарды бір жарым сағаттай күту керек болды. Жол бойындағы кафелердің біріне бас сұғып біріміз Қазақстанға жіберетін ақпаратымызды реттеп, біріміз Максимді сұрақ астына алдық.



    Бастапқыда біз жақа Евгений Петров "қашқындар" тобында деген ақпарат жеткен. Астананың мойыншалғысын қолымызға ұстап, сыртқа беттедік.  Бізден әрірек қызмет көрсету қызметінің өкілдері Пуёль мен Мануэль қолдарына бөтелкелерін ұстап дайын тұр екен.Шыққанымыз сол, алға ұзап шыққан топтың да басы көрінді. "Қашқындар" арасында көк-сары түсті жидені бірден байқайсың. Роман Кройцигер!

    Кешегі Пампеагодағы мәреде Романның жай күйін көзіммен көрген өз басыма, Роман енді велосипед ершігіне отырмайтындай көрінген. Чех жігітін көргенде барлығымыз бір ауыздан "Роман алға! Астана жарайсың! Роман! Астана!" деп шу ете қалдық.  Артынан Андрей Зейц, Евгений Петров, Паоло Тиралонго мен Александр Дьяченколар зу ете қалды қасымыздан. Жанымыздан "Рахмет!" - деп басын изеп өтеді.

    Стельвиоғада жеттік. Жыланша ирелеңдеген жол жаяуы бар, велосипед тепкені бар, жанкүйерге лық толы екен.  Айнала велоспорт пен жергілікті жердің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін естелік сыйлықтар. Дүкендердің бірі Астананың екі саңлағы Маким Иглинский мен Энрико Гаспароттоның суретін де іліп қойыпты.

    Юрий Кулишкин: Айды аспанға шығаруымыз екі талай. Бірақ Кройцигер алғашқы ондықпен бірге келуі мүкін.

    "Аэронавтик Милитари" өкілі: Астана мықты команда. Құрылғаны кеше ғана, талай жылдық тарихы бар командалармен бәсекелес болатын азулы қарсылас.

    Энрико Гаспаротто: Мәреге жету өте ауыр тиді. Романның кешегі жеңісі команда үшін маңызды болатын. Үш апта бойы тынбай еңбек еттік. Паоло мен Романның жетістігі  соның жемісі. Әрине басты мақсатымыз, Миланда тұғырда тұру бұйырмады біздерге.


    Паоло Тиралонго: Күшім жоқ.  Абайсызда құлап қалдым, абырой болғанда қатты жарақатым жоқ, бірақ оң жақ иегімді, иығымды жырып алдым. Соңғы екі кезең өте ауыр тиді. Барымды жинап, Миландағы  кезеңді жүріп өтемін

    Стельвио көмбесіне бірінші болып   бельгиялық Томас де Гендт (Вакансолей) жетті.  Ол жалпы есепте үздік үштікті түйіндесе, оның алдын ораған  көшбасшы Х.Родригес пен Р.Хесьедаль арасы бар жоғы  31 секунд.

    Ертең Милан!

    Жалғасы бар...

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Quote
    #1 by Zhake Kazakhstan on 2 Июнь 2012, 18:12:

    Тамаша, Дина! Тура өзім сонда болғандай әсер алдым!

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание