Dwars door Vlaanderen мен E3 Harelbeke бәйгелерінде кеткен есе қайту керек

    • Filled in News in Kazakh 24 Март 2012 в 4:59, author: Dina Iskakova
    • Views: 1 634.

    Бельгия жолдарымен өткен екі додадан кейін, Pro Team Astana  жексенбі күні Gent–Wevelgem веложарысында  есе қайтаруға тырысып бақпақ. Классикалық фламанд додасында, жарыстың  осы түріне  машықтанған бар мықты велосипед ершігіне отырады деп жоспарланған.

    Гент-Вевельгем бәйгесінің екі дүркін жеңімпазы Гуидо Бонтемпи шабандоздарымыздың шама– шарқына бағасын берді: "Муравьев пен Иглинскийдің осы жарыста тамаша өнер көрсетуге мүмкіндіктері мол.  Мақсат -   финалдық спринттің жүлдесін өз ара сарапқа салатындардың қатарында болу. Ол үшін  әрі кетсе 20 шабандоздан аспайтын  басты топта қарасы көрінсе болғаны.   Ал жан алысып жан беріскен текетіресте қарсыласты шаң қаптыру оңай шаруа емес.  Ауа райы белгия көктемі үшін ерекше жылы болып тұр.  Қатты соққан жел мен жаңбыр жауады деген болжамда жоқ.  Біз бұл жайтқа қуанбай қоймаймыз,  себебі  бұл бізге ең алдымен бельгия сынының мықтыларына азулы қарсылас атануға бірден - бір мүмкіндік". 

    Астананың  Гуидо Бонтемпи  бастап шығатын құрамы:
    Максим Иглинский
    Якопо Гуарниери
    Дмитрий Муравьев
    Валентин Иглинский
    Асан Базаев
    Дмитрий Груздев
    Борут Бозич

    «Pro Team Astana» баспасөз-релизінен  

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание