Чемпионмен жүздесу

    • Filled in News in Kazakh 24 Сентябрь 2010 в 5:37, author: Sake
    • Views: 3 039.

    Әйгілі қазақ велошабандозы Александр Винокуров ел мерейін үстем етер тартысқа тас-түйін дайын болу керек деп есептейді. «Тур де Франс» мәртебелі жарысына дайындықты бастамас бұрын жерлесіміз туған жері Қазақстанда демалып жатыр. Александр Винокуров есімі велоспорттан хабары бар әр жанды елең еткізері анық, жер-жерде мыңдаған жанкүйері де бар. Дегенмен туған жері бұл спортшыны қашанда ерекше ықыласпен қарсы алады. Веложолдың мыңдаған шақырым жолын еңсерген Александр - өткен жылы Азия чемпионы атанды. 2000 жылы жиырма жетінші Сидней олипиадасында күміспен күптелді. Қажырлы еңбегінің арқасында «Вуэльта Испания» көпкүндiк жарысында да өзгелерді шаң қаптырып, жүлдегер атанды. Төсіне Елбасы тағайындаған екiншi дәрежелi «Барыс» орденiн тақты.
    Александр Винокуров, «Астана» велокомандасының спортшысы:
    - Мен өз елімнің патриотымын, сондықтан Қазақстандамын. Әрине, шақыртулар көп түсті. Мәселен 2006 жылы Ресей командасына келіп, азаматтықтарыңды ауыстырыңдар дегенде де Андрей Кивелев екеуміз келіспегенбіз. Қай елде, қай жерде жүрсек де елдің мерейін үстем етіп, жеңіс жолынан көрінуді көздейміз.

    Шабандоз көп уақытын Франция елінде өткізеді, кезекті Тур де Франс жарысына дайындалып жатыр. Елге жылына бір-екі рет қана келеді. Туған жерге еркелеп, ұлттық тағамды да шамадан жем қоятыны да бар. Уақыты болса пейнтбол ойнап, «Формула - 1» жарысын тамашалайды. Ал жеңіске жету жолында – қарсыластың әлсіз тұсын тез танығу тырысамын, дейді ол. Кейін амандық болса, киноға түсем деп де жоспарлайды. Дегенмен веложолда жылдам жүйткейтін Винокуровтың ең ізгі арманы – елдегі велоспортты дамыту. 
     

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание