Бүкіләлемдік велодода басталды

    • Filled in News in Kazakh 24 Сентябрь 2009 в 1:44, author: Sake
    • Views: 2 804.

    Кеше жер жаннаты Швейцарияның Мендризио қаласында велоспорттан әлем біріншілігі басталды. Ал бүгін жарыс жолына қазақстандық қос саңлақ Александр Винокуров пен Андрей Кашечкин шығады.

    Үміт артып отырған велошабандоздарымыз 49,8 шақырымға созылатын сөреден жеке-жеке жіберу жарысына қатысады. Осы жарыста қос саңлағымыздың бірі жүлделі орындардан көрінеді деп сенеміз. Ал кеше қыздар және 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында жекелей жарыстар өтті. Қыздардың жарысы бет қатталып жатқанда аяқталған болса, жастар арасында австралиялық Джэк Бобридж алдына жан салмады.

    Айта кетейік, байрақты бәсеке қыркүйектің 27-не дейін созылады.

    Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание