«Bike for Peace» ұйымы тамыздың 6-сы мен 29-ы аралығында Қазақстанда велосаяхат ұйымдастырады

    • Filled in News in Kazakh 3 Август 2011 в 1:23, author: Sake
    • Views: 2 712.
    конституция
    Норвегиялық «Bike for Peace» ұйымы үстіміздегі жылдың тамыздың 6-сы мен 29-ы аралығында Қазақстанда велосаяхат ұйымдастырады.

    Бұл ақпаратты аталған ұйымның баспасөз қызметі таратып отыр.

    Қазақстан Үкіметімен бірлесіп қолға алынған спорттық шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

    Аталған жоба, 1949-1991 жылдары аралығында сан мәрте ядролық сынақ өткен өңірдің бас қаласы Семейден басталады. Сонымен қатар ұйымдастырушылар веложорықтың басталуын 1945 жылы 6 тамызда АҚШ-тың Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастаған күніне орайластырып отыр. Қазақстан  аумағында 24 күнге созылатын велосаяхатқа қатысушылар 29 тамызда, яғни ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні елордаға ат басын тірейді.

    Қазіргі кезде топ 10 норвегиялықтан және 6 қазақстандықтан жасақталған. Топ құрамында көзі нашар көретін Харальд Вик (Норвегия), сондай-ақ «Bike for Peace» көшбасшысы, саңырау және соқыр Торе Наерланд (Норвегия) бар. Олар саяхатты реттеушісі бар велосипед-тандемдермен (екі адамға арналған велосипедтер) жүріп өтіп, веложорық соңында оны Астанадағы соқырлар қауымдастығына сыйға тартады.

    «Bike for Peace» веложорығы барысында қатысушылар мектептерге, мүгедектерге арналған мекемелерге барып, жергілікті халықпен кездеседі. 

    Қазақстанның Ослодағы елшілігі жобаны үйлестіру жұмысымен айналысуда және кейбір саясаткерлермен кездесулерді ұйымдастырады. Сонымен қатар, «Астана» велокомандасының кейбір өкілдері де  2-3 күн бойы веложорыққа қатысады.

    ҚазАқпарат 

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание